• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Сөз бостандығы жыл сайын кері кеткен Қазақстанның басшысы елдегі «сөз еркіндігі» жайында айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25.06.2026
Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін сөз бостандығына нұқсан келтірмеуге шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

25 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, елде сөз еркіндігі бар деді.

«Елімізде пікір алуандығы мен сөз еркіндігі бар, ал цензураға заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, сөз бостандығы дегеніміз жүгенсіздікке және тәртіпсіздікке жол беру деген сөз емес. Сондықтан қоғамдық пікірді өздерінің теріс пиғылына пайдаланып, медиа саласында айласын асырғысы келетіндер мына бір қарапайым қағиданы жадында ұстауы қажет: бірде-бір адам шексіз құқық иесі емес. Басқаша айтсақ, өз құқыңды білу және сақтау өзгенің құқын бұзу немесе ар-ожданын таптау деген сөз емес. Алдымызда адамдар жалған ақпараттың жетегінде кетпей, күрішті күрмектен ажыратуы үшін медиасауаттылықты барынша арттыру міндеті тұр. Қоғам қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, соның ішінде кез келген заңсыз ақпаратты жедел анықтау және бұғаттау жұмысын қолға алу өте маңызды. Біз Заң мен тәртіпке бағынатын ел ретінде құқықтық нигилизмге, әсірешілдікке, яғни, радикализмге және халқымыздың болмысына жат құндылықтарды насихаттау ісіне түбегейлі тосқауыл қоюымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет», — деген президент.

Ел басшысы журналистердің жалған ақпарат таратуға қарсы күресте атқаратын рөлі жайында да айтқан.

«Заманауи технологиялар цифрлық алаңда алауыздықты әдейі ушықтыратын «ботофермалардың» пайда болуына түрткі болды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату, адамды қаралау, өтірікті шындай соғатын қауіпті құбылыс қалыптасты. Оны қазір дипфейк деп атайды. Яғни объективті фактілер эмоцияның көлеңкесінде қалып, қасақана арандатушылық туғызады. Қоғамның ынтымақ-бірлігіне сына қағып, мемлекеттік институттардың атына кір келтіру үшін жасанды интеллект құралдары қолданылады. Танымал тұлғалардың жасанды цифрлық бейнелерін түпнұсқадан ажырату мүмкін емес. Мұндай технологияларды түрлі алаяқтар мен деструктивті күштер белсенді пайдаланады», — деген президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Биыл сәуір айында «Шекарасыз репортерлар» (RSF) халықаралық ұйымы баспасөз бостандығының жыл сайынғы рейтингін жариялағанда Қазақстанның 100-ден 34,41 ұпай жинап, 149-орынға жылжығаны белгілі. 180 елдің арасында жүргізілген зерттеу бойынша Қазақстан 2025 жылмен салыстырғанда сегіз позицияға төмендеген. Былтыр Қазақстан сөз бостандығы бойынша 141-орында болған.

«Онлайн-жаңалықтардың сапасы жақсарғанымен, баспасөзге қысым жаңаша сипат алуда: тәуелсіз медиа өз пікірін білдіре алатын жалғыз кеңістік – интернетке бақылау күшейіп келеді»,- деп көрсетілген «Шекарасыз репортерлар» ұйымының сәуірдегі есебінде. Көршілес елдер арасында Қырғызстан 146-орында, Өзбекстан 147-орында, Тәжікстан 155-орында орналасқан. Посткеңестік елдер арасында ең нашар нәтижені Түрікменстан көрсетіп, 173-орынға (23,06 ұпай) табан тіреген. Одан сәл жоғары 23,15 ұпаймен 172-орында Ресей тұр.

Баспасөз қорғау ұйымының айтуынша, Қазақстанда журналистер заңнамалық тұрғыдағы қысым ғана емес (мысалы, Қылмыстық кодекстегі бұлыңғыр жазылған «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабымен қудалау), сонымен бірге аңду, қорқыту, кейбір жағдайда ұстау немесе үйқамаққа жіберу сияқты түрлі тосқауылдарға кезігіп отыр.

Қазақстан өкілдері халықаралық ұйымның бұл есебіне әрқандай бір реакция білдірмеген. Президенттің медиа қызметкерлерді марапаттау рәсімінде бұл туралы тіптен сөз қозғалған жоқ.

Tags: 149-орынжалған ақпаратсөз бостандығысөз еркіндігіТоқаевШекарасыз репортерларШекарасыз тілшілер

Соңғы жазбалар

Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін сөз бостандығына нұқсан келтірмеуге шақырды

Сөз бостандығы жыл сайын кері кеткен Қазақстанның басшысы елдегі «сөз еркіндігі» жайында айтты

25 июня, 2026
Құрылтай сайлауы қарсаңында тағы бір партияның басшысы төрағалықтан кетті

Құрылтай сайлауы қарсаңында тағы бір партияның басшысы төрағалықтан кетті

23 июня, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау тәртібі басталмай жатып тоқтатылды

23 июня, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

18 июня, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

«Алыстан сермеп». АҚШ пен Иран президенттері бейбітшілік туралы алдын ала келісімге қол қойды

18 июня, 2026
Соғыстың соңы немен бітері белгісіз. Бірақ Иран Ормуздағы өткел үшін алым алудан дәмелі

АҚШ пен Иран келісімі мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды

18 июня, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.