• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Арасында вице-президент бар. Президент жаңа лауазым иелерін тағайындады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
31.08.2026
Арасында вице-президент бар. Президент жаңа лауазым иелерін тағайындады

Фото: Ақорда

Share on FacebookShare on Twitter

31 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринды вице-президент лауазымына тағайындап, оны Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатты.

Кариннің кандидатурасын вице-президенттік үшін Құрылтайға ұсынғанда президент Тоқаев мынандай жайларға тоқталды.

«Вице-президент ерекше рөл атқаратын болады, Құрылтай депутаттарымен тығыз жұмыс жасап, Конституциямен айқындалған өкілеттіктерді жүзеге асырады. Осыған байланысты мен Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынамын. Ол — көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келе жатқан танымал мемлекет қайраткері. Тәжірибесі мол, оны жақсы білесіздер. Ол ұзақ жылдар бойы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Сондықтан оны лайықты кандидат деп санаймын және Құрылтай депутаттарынан осы кандидатураны қолдауды сұраймын», — деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Депутаттар президент ұсынған кандидатураны мақұлдаған. Соңынан президенттің тиісті жарлығымен Ерлан Қарин вице-президент болып тағайындалды.

Ел басшысы 2026 жылы Қызылорда өткен Ұлттық құрылтайдың соңғы жиынында мемлекеттік кеңесші қызметі жойылып, вице-президент лауазымы енгізілетінін айтқан еді. Сол кезде мемлекеттік кеңесші қызметін Ерлан Қарин атқарған.

Бұған қоса ел басшысы 31 тамызда Құрылтайдың қарауына премьер-министр ретінде ұсынған Олжас Бектеновтің кандидатурасын да депутаттар қолдады.

Президент тағы бір жарлығымен Аида Балаеваны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары етіп тағайындады. Бұдан алдын Қауіпсіздік кеңесінің аппараты мемлекеттік орган ретінде құрылатыны хабарланған. Тоқаев Балаеваны жаңа лауазымға тағайындай отырып, кеңестің хатшысы болып келген Ғизат Нұрдәулетовті қызметтен босатты. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады делінеді.

Президент Тоқаев бұдан алдын, 28 тамыз күні Құрылтай төрағалығына «Әділет» партиясының басшысы Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған. Ұсыныс басым дауыспен қабылданған.

Tags: Аида Балаевавице-президентЕрлан ҚаринҚауіпсіздік кеңесіОлжас Бектеновпремьер-министртөрағасының бірінші орынбасары
Келесі
Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін сөз бостандығына нұқсан келтірмеуге шақырды

Құрылтайдың алғашқы қадамы. БАҚ-пен жұмыс тәртібі сыналды

Соңғы жазбалар

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
Бәтуа ма, бітім бе? Трамп пен Путин Украинаны талқылады

Трамп Путиннің атынан жауап берді – Ресей Украинамен мәмілеге бейіл

10 сентября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистердің ынтымақтастығы күні алдында. БАҚ-тың парламенттегі жұмысын шектейтін ереже жарияланды

9 сентября, 2026
Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

7 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

4 сентября, 2026
Құрылтай келісті деген үкімет тағы да қайта тағайындалуымен ерекшеленді

Құрылтай келісті деген үкімет тағы да қайта тағайындалуымен ерекшеленді

3 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.