• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Құрылтайдың алғашқы қадамы. БАҚ-пен жұмыс тәртібі сыналды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.09.2026
Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін сөз бостандығына нұқсан келтірмеуге шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық «Құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қоры, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры, MediaNet халықаралық журналистика орталығы және Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро Қазақстанның жаңа парламенті – Құрылтайды «журналистердің кәсіби құқықтарын және қоғамдық маңызды ақпарат алу мүмкіндігін шамадан тыс шектеуге» жол бермеуге шақырды.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 31 тамызда Құрылтай аппараты қызметкерлері БАҚ өкілдері бұдан былай депутаттарға сұрақты арнайы баспасөз орталығында ғана қоя алатынын және ғимарат ішінде тек парламент қызметкерлеріне ілесіп жүре алатынын хабарлаған.

«Ал бұған дейін жарияланған журналистерді аккредиттеу ережелерінде немесе Құрылтайдағы БАҚ өкілдерінің жұмысын реттейтін басқа да қабылданған құжаттарда мұндай шектеулер жоқ. Бұл жағдай қолданылатын талаптардың заңдылығына байланысты сұрақтар туғызады. Журналистік қызметке әсер ететін кез келген шектеу нақты құқықтық негізі бар, ресми түрде белгіленген және айқын әрі бірыңғай ережелерге сай қолданылуы тиіс»,- деген құқық қорғаушылар бірлескен мәлімдемеде.

Мәлімдеме авторлары сөз еркіндігіне кепілдік беретін Қазақстан Конституциясына және журналистерге заңда қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдарға бару, лауазымды тұлғалардың қабылдауында болу, өздерін аккредиттеген органның іс-шарасына қатысу, сондай-ақ аудио, фото және бейнежазба жүргізу құқығын беретін «Масс медиа туралы» заңға сүйеніп отыр.

Құрылтай аппараты қызметкерлері БАҚ өкілдерімен жұмыс тәртібіне өзгертулер енгізуге себептердің бірі ретінде қауіпсіздік талаптары мен күзетілетін мемлекеттік орган ғимаратындағы ішкі тәртіпті атаған. Мәлімдеме авторлары бұл «журналистердің кәсіби құқықтары мен қоғамдық маңызы бар ақпарат алу мүмкіндігін шамадан тыс шектеуге апарып соқпауға тиіс» деп санайды.

«Журналист «дұрыс» депутатқа жолығу үшін алдын ала тіркелуге, оларды арнайы белгіленген жерде күтуге және тек аппарат қызметкерлеріне ыңғайлы сұрақтар қоюға міндетті емес. Бейресми байланыстар парламенттік журналистиканың маңызды бөлігіне жатады. Отырыстан кейін парламент мүшесіне тезірек жолығып, оған мәселені нақтылайтын немесе қолайсыз сұрақтар қою я көкейкесті тақырып бойынша түсініктеме алу демократиялық парламенттегі БАҚ үшін қалыпты тәжірибе саналады»,- делінген мәлімдемеде.

31 тамызда, бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың екінші отырысы болған күні, журналистерге депутаттарға дәлізде сұрақ қоюға тыйым салынды. Журналистер парламент мүшелеріне жолыға алмады. Парламент отырысы кезінде БАҚ өкілдері баспасөз бөлмесінде болды. Отырыс аяқталғаннан кейін олар депутаттарға сұрақ қою үшін парламенттің екінші қанатына бет алған, бірақ ол жаққа шығатын есік бекітулі тұрды. Журналистер есікті қағып, ашуды талап еткенімен есіктің арғы жағында тұрғандар ашпады. Тілшілер мен операторлар ол жаққа тек 20-30 минут өткеннен кейін ғана шыға алды. Бірақ бұл уақытта дәлізде депутаттардан ешкім болған жоқ.

Парламент аппараты басшысының орынбасары Болат Кәленбеков Құрылтай бюросының шешімі бойынша, БАҚ өкілдері енді парламент ғимаратында депутаттарға тек баспасөз мәслихаттарында және белгіленген күн тәртібі бойынша ғана сұрақ қоя алады деп хабарлаған еді.

Tags: БАҚ-пен жұмысбаспасөздепутатжурналистҚұрылтаймасс-медиасөз бостандығы
Келесі
Қанды Қаңтар хронологиясы. Атышулы оқиға туралы кітап таныстырылды

Қанды Қаңтар хронологиясы. Атышулы оқиға туралы кітап таныстырылды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.