• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
04.11.2026
Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ-та конгресстің өкілдер палатасы мен сенаты үшін аралық сайлау аяқталды. NBC News арнасының болжамынша, демократиялық партия өкілдер палатасы мен сенаттағы басымдыққа ие болады.

NBC News телеарнасына сілтеп Қазинформнің хабарлауынша, демократиялық партия дәстүрлі түрде республикалық партияны қолдайтын бірқатар штатта жеңіске жеткен. 

Сенатта демократтар Айова, Канзас, Огайо, Мэн, Солтүстік және Оңтүстік Каролина, сондай-ақ Техас штаттарында жеңіске жетіп, қосымша жеті орын иеленді. Бұл штаттардың кейбірі көп жыл бойы республикашылдардың тірегі саналып келген. Сондықтан сайлау қорытындысы елдегі саяси тепе-теңдікті айтарлықтай өзгертті.

Телеарнаның болжамына сәйкес, өкілдер палатасындағы демократтардың саны кемінде 258 орынға жетеді. Ал палатада басымдыққа ие болу үшін 218 мандат жеткілікті. Дауыс санау қорытындысына қарай бұл көрсеткіш аздап өзгеруі де мүмкін. Алайда бірқатар округте сайлау қорытындысы әлі шыққан жоқ. Мәселен, сайлау учаскелері енді жабылған Гавайи мен Аляскада дауыстарды санау әлі жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек демократтардың жетістігі губернатор сайлауында да байқалды. Партия өкілдері Техас, Джорджия, Невада, Огайо және Айова штаттарында жеңіске жетіп, бес штаттағы позициясын нығайтты.

Конгрестің жаңа құрамы 2027 жылдың қаңтарында жұмысқа кіріседі. Осылайша демократтар АҚШ заң шығарушы органының қос палатасына да бақылау орнатуға мүмкіндік алатын түрі бар.

NBC News телеарнасының мәліметінше, сайлау нәтижесі АҚШ-тағы саяси күштердің орналасуына елеулі өзгеріс әкелгенімен, президенттің ауысуын немесе жаңа үкіметтің жасақталуын білдірмейді. Дегенмен конгрестегі орын санын арттырған демократтар заң шығару үдерісіне ықпал етіп, республикашылдардың бастамаларына тосқауыл қоя алады.

Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп демократтардың сайлаудағы жетістігін мойындағанымен, мұндай нәтижені күтпегенін айтты. Сондай-ақ ол сайлау қорытындысын жеке жеңілісі деп санамайтынын, өйткені сайлаушыларға кандидаттар ұнамағанын жеткізді.Дегенмен ол демократтармен кейбір мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтса да, олардың бірқатар бастамасына қарсы шығатынын аңғартты. Ол Truth Social әлеуметтік желісінде «Veto» (Вето) деген жазуы бар қызыл кепканың суретін жариялады. Бұл демократтар ұсынған заң жобаларына вето қоюы мүмкін екенін білдіреді.

Tags: АҚШветодемократиялық партиядемократттарконгресс сайлауыөкілдер палатасыреспубликалық партияреспубликашылдар

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.