• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
28.08.2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

фото: Aqorda

Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың ашылуына қатысып, алғашқы сессиясына ақжол тіледі. Ел басшысы бір палаталы жаңа парламенттің төрағасы лауазымына «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебайды ұсынды.

Президент жиынның ашылуында 45 минуттай сөз сөйледі.

«Жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек. Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының лауазымына кандидатураны президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын. Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын,» — деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ұсынған тұлға соңғы жылдары Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңсесінде түрлі қызмет атқарған. Соңғы қызметіне дейін көпшілікке танымал болмаған адам.

Айбек Дәдебай 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Сонымен қатар, 2001-2002 жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болды.

2008-2011 жылдары Сенат аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.

2011-2013 жылдары Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе.

2013-2019 жылдары Сенат төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, кейіннен – меңгерушісі.

2019-2021 жылдары Президент кеңсесі бастығының орынбасары.

2021 жылдың мамыры – 2022 жылдың қаңтар аралығында Президент іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылы – Президенттің іс басқарушысы. 2024 жылы Президент әкімшілігінің басшысы болды.

Ал 2026 жылдың мамыр айынан бері Айбек Дәдебай – билікшіл «Аманат» партиясының орнына құрылған «Әділет» партиясының төрағасы.

Tags: AMANATАйбек Дәдебайәділетбір палаталы парламентҚұрылтай
Келесі
Арасында вице-президент бар. Президент жаңа лауазым иелерін тағайындады

Арасында вице-президент бар. Президент жаңа лауазым иелерін тағайындады

Соңғы жазбалар

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
Бәтуа ма, бітім бе? Трамп пен Путин Украинаны талқылады

Трамп Путиннің атынан жауап берді – Ресей Украинамен мәмілеге бейіл

10 сентября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистердің ынтымақтастығы күні алдында. БАҚ-тың парламенттегі жұмысын шектейтін ереже жарияланды

9 сентября, 2026
Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

7 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

4 сентября, 2026
Құрылтай келісті деген үкімет тағы да қайта тағайындалуымен ерекшеленді

Құрылтай келісті деген үкімет тағы да қайта тағайындалуымен ерекшеленді

3 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.