• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14.06.2026
Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Share on FacebookShare on Twitter

Жексенбі, 14 маусымда өткен «Әділет» партиясының құрылтайында билікшіл AMANAT партиясын қосу туралы шешім мақұлданды. Бұл туралы съезде партия делегаттары мен басшылығы мәлімдеді. 

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, жиын барысында бұл қадам елдің саяси жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі ретінде сипатталып, саяси күштердің ортақ мақсаттар төңірегінде топтасуы ретінде бағаланды.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, қабылданған шешім екі ұйымның бірігуі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы прогрессивті және жауапты саяси күштердің консолидациясын білдіреді. Айтуынша, бұл шешім мемлекет пен қоғам мүддесін алға қоюға бағытталған саяси мәдениеттің көрінісі болып табылады.

Съезде сондай-ақ партияның өңірлік құрылымдарын дамыту, филиалдар құру және олардың ережесін бекіту мәселелері қаралды. Делегаттар бұл процестер партияның жергілікті деңгейдегі жұмысын күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айбек Дәдебай партияның жаңа кезеңге аяқ басқанын айтып, ұйымның алдағы міндеттерін де айқындады. Оның сөзінше, негізгі басымдықтар қатарында заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділеттілікті мемлекеттік саясаттың негізіне айналдыру және азаматтардың күнделікті өмірінде реформалардың нақты нәтижесінің көрінуін қамтамасыз ету бар.

Съезге қатысушылардың айтуынша, AMANAT партиясымен бірігу елдегі саяси үдерістердің тиімділігін арттырып, қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін көрінеді. 

AMANAT партиясы съезінің делегаттары «Әділет» партиясымен бірігу туралы 12 маусымда жариялаған болатын.

«Әділет» партиясы 2026 жылдың сәуір айында құрылып, небәрі бір жарым айдан кейін, 1 маусымда асқан ұшқырлықпен ресми тіркеліп үлгерді. Партияны 7 мамырдан бастап Айбек Дәдебай басқаруда. Ол бұған дейін, 5 мамырға дейін президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарған.

4 маусымда жаңадан тіркелген «Әділет» партиясының платформасы мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz жүйесінде партия қатарына кіруге арналған жеке қызмет ретінде пайда болғаны белгілі болды. Басқа партиялар әзірге мұндай мүмкіндік қарастырылмаған.

Tags: AMANATАйбек ДәдебайӘділетбилікшіл партия
Келесі
Сот журналисті үйқамақтан абақтыға ауыстырды

Сот журналисті үйқамақтан абақтыға ауыстырды

Соңғы жазбалар

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Қазақ еліне +186 кандидат. Жаңа партия 145 орындық парламентке ұсынған үміткерлерімен үркітті

10 июля, 2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Жасылдардың жанжалы. «Байтақ» партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

9 июля, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

Министрлік Ресейге шабуылдың қазақ жерінен жасалу мүмкіндігін жоққа шығарды

8 июля, 2026
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

Өз құқығы. Президент Тоқаевтың тағы да сайлауға түсе алатыны жарияланды

7 июля, 2026
Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

6 июля, 2026
Президент Тоқаев қатысқан жиын. Еуроодақтағы басқосуда Қазақстандағы адам құқығы қозғалды

Президент Тоқаев қатысқан жиын. Еуроодақтағы басқосуда Қазақстандағы адам құқығы қозғалды

3 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.