• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Бәйтеректегі» алғашқы сынақ. «Сұңқар» аталған «Союз-5» зымыран тасығышы ақыры ұшырылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.05.2026
«Бәйтеректегі» алғашқы сынақ. «Сұңқар» аталған «Союз-5» зымыран тасығышы ақыры ұшырылды
Share on FacebookShare on Twitter

30 сәуір күні сағат 23:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Cұңқар» («Союз-5») зымыран тасығышы сынақ үшін бірінші рет ұшырылды. Бұл туралы Қазақстан жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Соңғы бірнеше жылдан бері жүзеге асуы кешеуілдеп келе жатқан «Сұңқардың» ұшырылуы 27 наурыздан беріде де ондаған мәрте кейінге шегерілген. Ұшу құралы 31 наурызда айлаққа орналастырылған еді.

«Сұңқар» ұшу-конструкторлық сынақ аясында Қазақстанның қаржыландыруымен «Бәйтерек» ғарыш кешенінің 45-айлағынан ұшырылған. Министрлік ракета сынағын «тарихи оқиға» деп атап, Қазақстанның ғарыш саласына атсалысуына жаңа мүмкіндіктер ашады деді.

«Сұңқар» («Союз-5») – Ресей мен Қазақстанның орташа ауыр екі сатылы ракета. Ресейдің «Прогресс» кешенінде жасалған. Бұл зымыранды жасауды Ресей 2015 жылы бастаған. Алғашқы сынағы 2017 жылы өтуі керек еді, бірақ бірнеше рет кейінге қалған.

Ал «Бәйтерек» — Қазақстан мен Ресейдің ракета ұшыруға өздерінің жеке инфрақұрылымдарын пайдалануды көздейтін стратегиялық жобасы.

2004 жылы Ресей және Қазақстан президенттері Байқоңырда «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін салу туралы келісімге қол қойды. 2005 жылы бірлескен кәсіпорын құрылды. Құрылтайшылары – ресейлік Хруничев атындағы орталық пен Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік комитеті. Келісім бойынша, Астана Байқоңырдағы инфрақұрылымды жаңартып, ал Мәскеу коммерциялық мақсатта пайдалануға жарайтын зымыран дайындап шығаруы керек еді. Жобаның құны әуелде 223 миллион доллар деп белгіленген, кейін бұл сома жеті есе өсті.

Tags: БайқоңырБәйтерекПрогрессСоюз-5Сұңқар
Келесі
Мәскеу мұнараларына шабуыл. Украина Ресей астанасын нысанаға алды

Мәскеу мұнараларына шабуыл. Украина Ресей астанасын нысанаға алды

Соңғы жазбалар

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

10 августа, 2026
Еленбеген экология. Қазақстан айыппұлдан кейін тағы да «Теңізшевройлға» талап қойды

Еленбеген экология. Қазақстан айыппұлдан кейін тағы да «Теңізшевройлға» талап қойды

7 августа, 2026
Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

7 августа, 2026
КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

6 августа, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Екі жарым жылға қамау, үш жарым жылдық тыйым. Белсенді тағы да сотталды

6 августа, 2026
Сотта үкім оқылды. Думан Мұхаммедкәрім прокурор сұраған 7 жылға кесілді

«Батарейка мен оттық жұтқан». Думан Мұхаммедкәрімнің түрмедегі ахуалы алаңдатады

5 августа, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.