• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәскеу мұнараларына шабуыл. Украина Ресей астанасын нысанаға алды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
04.05.2026
Мәскеу мұнараларына шабуыл. Украина Ресей астанасын нысанаға алды
Share on FacebookShare on Twitter

Мәскеудегі «Мосфильм» көшесіндегі бір ғимаратқа Украина дроны түскенімен, ешкім жапа шекпеген. Бұл туралы 4 мамыр күні қала мэрі Сергей Собянинге сілтеп Interfax агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, Собянин 3 мамыр күні Мәскеу бағытында ұшқан сегіз украин дроны құлатылғанын мәлімдеген. Ал 2 мамыр күні Мәскеу облысында алты украин дроны жойылған. Салдарынан бір адам қаза тапқан.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 3 мамырға қараған түні украин дрондары Ресейдің бірқатар өңіріне, соның ішінде Мәскеу және Ленинград облыстарына шабуылдаған. Кейінірек Украина президенті Владимир Зеленский украин күштері Ресейдің Ленинград облысында орналасқан Приморск портындағы «Қарақұрт» ракеталық кемесіне, күзет қайығына және тасадағы флоттың 2 танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді.

Ресей бұл шабуыл туралы мәлімдеме жасай қоймады, ал Зеленский айтқан жайттардың тәуелсіз дереккөз арқылы растау мүмкін болмады. Спутник деректері мен тараған видеолар портта өрт шыққанын көрсеткен.

Жексенбіге қараған түні Ленинград облысында 59 дрон құлатылған. Бұл туралы облыс басшысы Александр Дрозденко мәлімдеді. Жапа шеккендер туралы хабар жоқ. Жергілікті тұрғындар дрон немесе жарылыс дыбысын естігенін айтқан.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 3 мамырға қараған түні Ресейдің 15 аймағында және аннексияланған Қырым түбегінде барлығы 334 украин дроны құлатылған. Бұл деректерді тәуелсіз дереккөз арқылы растау қиын.

Мәскеу облысы Волоколамск округі Чернево ауылында дрон шабуылынан 77 жастағы тұрғын қаза тапқан.

«Росавиация» Мәскеудегі Шереметьево және Внуково әуежайларына және Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайына уақытша шектеу енгізіп, ондаған рейс кешіктірілген, бірқатары тоқтатылған.

Кейінгі күндері Украина күштері Ресейге шабуылын үдетіп отыр. Соққы көбінесе порттарға жасалып жатыр. 30 сәуірге қараған түні Ресейдің Краснодар өлкесіндегі портты қала Туапсеге бір ай ішіндегі төртінші соққысын жасады. Порттағы мұнай кешенінде өрт шығып, қоршаған мұнай ағылып, қаланы түтін басқан.

Украина шабуылдары Жеңіс күні қарсаңында жасалып отыр. 9 мамыр күні Мәскеудегі Қызыл алаңда әскери парад өтпек. Бірақ бұл жолы онда әскери техника көрсетілмейді, шараның өзі бір сағатқа жетпейді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков парад ауқымының тарылуына Украинадан төнген қауіп себеп екенін мәлімдеді. Сәуірдің аяғында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трамппен сөйлесіп, Жеңіс күнін атап өту кезінде атысты тоқтата тұруды ұсынған.

Украина президенті «атысты тоқтату тактикалық алдауға айналмағаны» дұрыс деп мәлімдеді.

«Олар парад бірнеше сағат бойы тыныш өткенін, одан кейін шабуылды қайта бастауды көздеп отыр. Біз атысты тоқтату Ресей Федерациясы тарапынан тактикалық алдауға айналғанын қаламаймыз» деп келтірді Зеленскийдің сөзін «Украинская правда» басылымы.

Tags: дронЗеленскийМосфильмРесейСобянинУкраина
Келесі
Роман Скляр туған күні тақағанда Ақордаға қызметке шақыртылды

Роман Скляр туған күні тақағанда Ақордаға қызметке шақыртылды

Соңғы жазбалар

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

10 августа, 2026
Еленбеген экология. Қазақстан айыппұлдан кейін тағы да «Теңізшевройлға» талап қойды

Еленбеген экология. Қазақстан айыппұлдан кейін тағы да «Теңізшевройлға» талап қойды

7 августа, 2026
Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

7 августа, 2026
КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

6 августа, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Екі жарым жылға қамау, үш жарым жылдық тыйым. Белсенді тағы да сотталды

6 августа, 2026
Сотта үкім оқылды. Думан Мұхаммедкәрім прокурор сұраған 7 жылға кесілді

«Батарейка мен оттық жұтқан». Думан Мұхаммедкәрімнің түрмедегі ахуалы алаңдатады

5 августа, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.