• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
21.04.2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін
Share on FacebookShare on Twitter

Ресей 1 мамырдан бастап, «Дружба» мұнай құбыр желісі арқылы Қазақстаннан Германияға мұнай жеткізуді тоқтатпақ. Бұл жөнінде өз дереккөздеріне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.

Аты-жөнін жарияламауды сұраған дереккөздер агенттікке мұнай экспорттаудың өзгертілген кестесі Қазақстан мен Ресейге жіберілгенін айтқан.

Ресейдің де, Қазақстанның да құзырлы органдары бұл жаңалыққа әзірге ашық түрде жауап берген жоқ. Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Reuters-ке мұнай экспортын тоқтату жоспарынан хабары жоқ екенін айтқан.

«Тексеріп көруге тырысамыз», – деген Песков күнделікті брифингте.

2022 жылы Германия Ресейдің ең ірі мұнай компаниясы «Роснефттің» өзіндегі активтерін мемлекеттік агенттіктің сенімді басқаруына алған. Содан бері екі елдің арасындағы энергетика бойынша байланыс тоқтаған.

2025 жылы Қазақстан «Дружба» құбырымен Германияға 2 миллион тоннадай, яғни тәулігіне шамамен 43 мың баррель мұнай экспорттаған. Бұл көреткіш 2024 жылмен салыстырғанда 44 пайызға көп.

Қазақстан құбырға мұнайды Өзен–Атырау–Cамара бағытымен жеткізіп, әрі қарай Ресейдің «Транснефть» жүйесіне қарайтын құбырмен Германияға жібереді. Көмірсутегі шикізаты Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз кеніштерінен (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) деген брендтпен жөнелтіледі.

Германияға мұнай «Дружба» құбырының солтүстік тармағымен тасымалданады, ол Польша жерін басып өтеді. Украин дрондарының құбырға шабуылы салдарынан тасымал тоқтаған кездер көп болды.

«Дружбаның» оңтүстік тармағы Украина арқылы Венгрия мен Словакияға мұнай жеткізіп келген. Соғыс басталғалы тасымал тоқтап, бұл геосаяси тартысқа себеп болған.

Қазақстан соңғы жылдары Германияға мұнай экспортын арттыру керегін айтып келеді.

Германиядағы ең ірі мұнай өңдеу орындарының бірі – Шведт қаласындағы PCK зауыты 2022 жылы соғыс басталғалы Ресей мұнайын алуды тоқтатып, ішінара қазақ мұнайын пайдаланып келеді.

Tags: KEBCOДружбақұбыр желісі
Келесі
Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Ресей қысымына қарамастан қазақ мұнайы қысқармайтын түрі бар

Соңғы жазбалар

Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін тәуелсіз БАҚ мүддесіне нұқсан келтірмеуге шақырды

Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін тәуелсіз БАҚ мүддесіне нұқсан келтірмеуге шақырды

12 мая, 2026
Көкшетаудағы өлімге соқтырған жол апаты. Бірден екі қылмыстық іс қозғалды

Көкшетаудағы өлімге соқтырған жол апаты. Бірден екі қылмыстық іс қозғалды

11 мая, 2026
Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

8 мая, 2026
Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

7 мая, 2026
Ел мақтаған әкімді Ақорда жақтаған. Премьердің бірінші орынбасары тағайындалды

Ел мақтаған әкімді Ақорда жақтаған. Премьердің бірінші орынбасары тағайындалды

6 мая, 2026
Роман Скляр туған күні тақағанда Ақордаға қызметке шақыртылды

Роман Скляр туған күні тақағанда Ақордаға қызметке шақыртылды

5 мая, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.