• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Тоқаев Мәсімовті кешірмеді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.07.2024
Кешірім комиссиясының төрағасы Мәсімовтен өтініш түспегенін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты, деп хабарлайды, ҚазТАГ агенттігі.

Бұл туралы мәліметті ҚазТАГ редакциясына 23 шілдеде президент әкімшілігіндегі дереккөз растады.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 24 сәуірінде Астана соты ҰҚК-інің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті Қылмыстық кодекстің  175-бабының 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық) 3-бөлігі, 179-бабы (билікті күштеп басып алу), 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (билік және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша қозғалған іске орай 18 жылға соттаған болатын.

Оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов – 16 жылға, Дәулет Ерғожин – 15 жылға және Марат Осипов үш жылға сотталды.

30 мамырда ҚазТАГ Мәсімовтің жазасын өтеу режимі жұмсартылатынын хабарлады, ал 16 маусымда агенттік ақпараты расталды — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мен оның екі орынбасарының бірінші сатыдағы сотының үкімі өзгертілді. Сол бойынша олар қатаң режимдегі түрмеден қауіпсіздігі орташаға деңгейдегі түзеу мекемесіне ауыстырылды. Алайда ҚазТАГ анықтай келгенде 11 шілдедегі жағдай бойынша Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары орташа қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылмағаны белгілі болған.

10 маусымда Мәсімов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұраған.

14 маусымда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Мәсімовтің кешірім жасау туралы өтінішіне қатысты жағдайға түсініктеме бере отырып, оны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы куәлік беруге шақырған.

28 маусымда Тоқаевқа Мәсімовке кешірім беруден бас тарту ұсынылғаны белгілі болды.

Келесі
Қазақтар, АҚШ-тағы сайлауға күлмеңдер!

Қазақтар, АҚШ-тағы сайлауға күлмеңдер!

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.