• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәсімов бостандығының кепілі Назарбаевты әшкерелеу екені айтылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14 июня, 2024
Кешірім комиссиясының төрағасы Мәсімовтен өтініш түспегенін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы, бұрынғы премьер Кәрім Мәсімовтің жазасын жеңілдетуі немесе бостандыққа шығуы үшін Қаңтар оқиғасы туралы бар шындықты айтуды ұсынылуы мүмкін. Бұл туралы «Орда» сайты хабарлап отыр.

«Мен өз басым Мәсімовті ұйымдастырушы деп ойламаймын. Сондықтан, егер ол қатты сөйлейтін болса, оған жұмсақ қарауға болады. Мысалы, ол Қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұйрықтарын орындауға мәжбүр болғанын айтатын болса (Қаңтар оқиғасына дейін Қауіпсіздік кеңесін Нұрсұлтан Назарбаев басқарды). Кәрім Мәсімов көп жылдар бойы премьер-министр және Назарбаевтың сенімді адамы болғанын атап өтемін. Ол тұңғыш президенттің жеке ісімен де айналысты. Мәсімов атақты «Қазақгейттен» кейін Еуропадан өз активтерін шығарып жатқан, сонымен қатар «Көне Қазақстанның» активтерін Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қытайда, Шанхайда, Гонконгта және Әмірліктерде орналастыруға қатысқан. Егер Мәсімов барлық транзакцияларды әшкерелеп, соның есесіне бостандық сұрайтын болса, рақымшылық жасау керек деп ойлаймын», — дейді Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи.

Бапидің айтуынша, Кәрім Мәсімов Қаңтар оқиғасын ұйымдастырмауы мүмкін. Оның айтуынша, Мәсімов Қаңтардағы оқиғалардың барлық тізбегін көрсетіп, басты ұйымдастырушыны атауы керек.

«Біз үшін оны түрмеде ұстаудан гөрі, тәркіленген мүліктер туралы ақпаратты анықтау маңыздырақ. Оның түрмеде отырғанынан халыққа пайдасы жоқ», — дейді Бапи.

Мәсімов 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған. Былтыр 24 сәуірде Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті «мемлекетке опасыздық жасады», «билікті басып алуға оқталды» және «қызмет өкілетін асыра пайдаланды» деп айыптап, 18 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

ҰҚК ақпаратынша, Мәсімовтің үстінен Қылмыстық кодекстің «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру» және «Аса ірі мөлшерде пара алу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов — 16, Дәулет Ерғожин — 15 және Марат Осипов үш жылға сотталды.

10 маусымда Кәрім Мәсімовтің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұрағаны белгілі болды.

Келесі
НАТО-ны жақындату. АҚШ пен Украина қауіпсіздік саласы бойынша келісімге қол қойды

НАТО-ны жақындату. АҚШ пен Украина қауіпсіздік саласы бойынша келісімге қол қойды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.