• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

НАТО-ны жақындату. АҚШ пен Украина қауіпсіздік саласы бойынша келісімге қол қойды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14.06.2024
НАТО-ны жақындату. АҚШ пен Украина қауіпсіздік саласы бойынша келісімге қол қойды
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ президенті Джо Байден мен Украина президенті Владимир Зеленский екі ел арасындағы қауіпсіздік саласы бойынша 10 жылға келісім жасасты. Азаттық радиосының хабарлауынша, президенттер құжатқа Италияда өтіп жатқан «Үлкен жетілік» саммиті аясында қол қойды. Зеленский экономикасы дамыған G7 елдері басшыларының жиынына шақырылған, онда Ресеймен соғысып жатқан Украинаны қолдау мәселесі де талқыланды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, келісім мәтінінде бұл құжат Украинаны НАТО-ға қосуға көмектесуге арналған делінген.

Келісімде АҚШ Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтді деп жазылған. Вашингтон ұзақ уақыт Украинаға қару-жарақ жеткізіп отыруға, оның әскерилерін оқытып, кеңес беріп отыруға міндеттеме алды.

Америкалық The Washington Post газеті келісім конгресс мақұлдауын қажет етпейтін болғандықтан, оны кез келген уақытта кез келген Америка президенті жоя алады деп жазды.

Келісімге қол қойылғаннан кейін сөз сөйлеген Джо Байден Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізу оның агрессиядан қорғану қабілетіне байланысты деді. Ол әлемнің өзі егемендік пен БҰҰ жарғысын құрметтеуге сүйенуі керек екенін айтты. Байденнің сөзінше, G7 елдері әлі де Украинаны қолдауға дайын, ал Италиядағы саммит шешімдері Киевтің жетістігі үшін маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Байден АҚШ-тың Ресей аумағына алысқа ұшатын ракетамен соққы жасау туралы ұстанымы өзгермегенін айтты (АҚШ мұндай соққыларға қарсы), ол бұл келісімде АҚШ әскери күштерін Украинаға жіберу мүмкіндігі қарастырылмады деді.

Зеленский келісімге келген күнді «тарихи күн» деп атап, бұл Украинаның тәуелсіздік алғаннан бері жасасқан ең маңызды екіжақты келісімі деп мәлімдеді.

Зеленский тағы да Украинаға «Пэтриот» әуе қорғанысы жүйесінің жеті данасын беруді сұрады. Байден жақын арада Украинаға қосымша әуе қорғанысы кешендері жеткізіледі деді. Олардың саны әзірге белгісіз.

Байден Қытайды сынға алып, Пекин Ресейге материалдар мен жабдықтар жеткізіп, қолдау көрсетіп отыр деді. Зеленский Қытай басшысы Си Цзиньпиннің оған Пекин Ресейге қару бермейді деп айтқанын еске салды.

Бұған дейін Киев НАТО-ға мүше он шақты елмен осындай келісім жасасқан. 13 маусымда Италиядағы саммит аясында Жапониямен осындай келісімге қол қойды. Украина бұл құжаттар маңызды болса да, бұл НАТО-ға мүшелікке жетпейді деді.

Келесі
«Жас тұлпар» өтті өмірден. Мұрат Әуезов дүниеден озды

"Жас тұлпар" өтті өмірден. Мұрат Әуезов дүниеден озды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.