• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Құрылтай сайлауы қарсаңында тағы бір партияның басшысы төрағалықтан кетті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.06.2026
Құрылтай сайлауы қарсаңында тағы бір партияның басшысы төрағалықтан кетті

Фото: "Ауыл" партиясы

Share on FacebookShare on Twitter

Құрылтай сайлауының қарсаңында тағы бір саяси партия — «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтіп, Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеп, орнына жаңа үміткер ұсынды.

Kazinfiorm агенттігінің хабарлауынша, Серік Егізбаев партияның және оның болашағының мүдделерін басшылыққа алатынын атап өткен.

«Бүгінгі саяси сәт барлық прогрессивті күштерден қоғамның жаңару туралы сұранысына лайықты жауап беруді талап етеді. Бұл сұраныс конституциялық реформа барысында дәлелденді. «Ауыл» партиясы осы үдерістерден шетте қала алмайды, керісінше, партия олардың белсенді қатысушысы, ал бұл үшін аграрлық және әлеуметтік күн тәртібіне жаңа көзқарастар әкелуді, жаңартылған саяси жүйеде тиімді жұмыс істеуді қажет етеді. Сондықтан партия төрағасы қызметімді тоқтатуым партияның ішкі динамикаға дайындығын және жаңа саяси жүйеде алдағы сайлауға толыққанды қатысуға ниеттілігін көрсететін заңды қадам болады»,- деген Серік Егізбаев. 

Ол съездің қарауына партия төрағасы ретінде осы ұйым басшысының орынбасары Қайрат Айтуғановтың кандидатурасын ұсынған.

Қайрат Қапарұлы — аграрлық экономика, мемлекеттік қызмет және ғылыми салада 40 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті басшы, экономист және мемлекет қайраткері. Әр жылдары ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, аппарат басшысы, сондай-ақ Халықаралық қайта құру және даму банкі жүзеге асырған жобаның жетекшісі, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» басқарма төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Кәсіподақтар федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары. Сонымен қатар, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Съезд делегаттары Қайрат Айтуғановтың «Ауыл» партиясының жаңа төрағасы болып сайлануын бірауыздан қолдаған.

Елде 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Конституция бойынша бір палаталы парламент — құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді. Бұған дейін биліктегі «Аманат» партиясы жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылған. Ал «Ақ жол» партиясы да өз төрағасын ауыстырған. Парламентте билік партиясынан басқа саяси ұйымдардың үні бәсең естіледі.

Tags: АуылҚұрылтайпартиясайлауСерік Егізбаев

Соңғы жазбалар

Құрылтай сайлауы қарсаңында тағы бір партияның басшысы төрағалықтан кетті

Құрылтай сайлауы қарсаңында тағы бір партияның басшысы төрағалықтан кетті

23 июня, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау тәртібі басталмай жатып тоқтатылды

23 июня, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

18 июня, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

«Алыстан сермеп». АҚШ пен Иран президенттері бейбітшілік туралы алдын ала келісімге қол қойды

18 июня, 2026
Соғыстың соңы немен бітері белгісіз. Бірақ Иран Ормуздағы өткел үшін алым алудан дәмелі

АҚШ пен Иран келісімі мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды

18 июня, 2026
«Бұрынғы» партия бүгінгі парламентте отыр. Журналист Конституциялық сотқа жүгінді

«Бұрынғы» партия бүгінгі парламентте отыр. Журналист Конституциялық сотқа жүгінді

16 июня, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.