• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

«Қосылған құн салығын өсіру елді 90-жылдарғы жағдайға әкелуі мүмкін…»

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
2 декабря, 2025
«Қосылған құн салығын өсіру елді 90-жылдарғы жағдайға әкелуі мүмкін…»
Share on FacebookShare on Twitter

Қосылған құн салығы 2026 жылы 12 пайыздан 16 пайызға өспек. Бұл халық тұрмысына қалай әсер етеді? Үкімет бюджет тесігін жамау үшін ақшаны басқа қандай көздерден табады? Қазақстан халқы неліктен табысының жартысын тек азық-түлікке жұмсайды және одан шығудың жолы бар ма? Ұлттық байлықты қайта бөлуге қандай мүмкіндік бар? Ulagat Consulting Group консалтингтік компаниясының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Марат Қайырленовпен осы мәселелер төңірегінде сөйлестік.

– Қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайызға дейін өседі. Бұл қадам халықтың өмір сүру деңгейіне қалай әсер етеді?

– Біз осы процесті зерттеп, модельдеп көрдік. Нәтижесінде халықтың нақты табысы айтарлықтай төмендейтінін көрдік. Үкімет [қосылған құн салығын өсіру арқылы] қосымша 5 трлн теңге жинауды көздеп отыр. Былай қарағанда, бұл жалпы ішкі өнімге шаққанда (ол көрсеткіш шамамен 135 трлн теңге) аз болып көрінеді. Бірақ ауқаттылар мен күнкөрісі төмен жұрт арасындағы теңсіздікті ескеру керек. Себебі еліміздегі ең бай 162 адамның қолында ұлттық байлықтың жартысына жуығы (KPMG компаниясының есебіне сүйенген президент Тоқаев мұны Қаңтар оқиғасынан кейін айтқан), ал азаматтардың 90 пайызында бар болғаны 23,5 трлн теңге ғана бар. Егер азаматтардың қолындағы сомадан [үкімет қосылған құн салығы арқылы жинауды көздейтін] 5 трлн теңге алынса, халық үшін бұл ауыр соққы болмақ. Өйткені азаматтар табысының жартысын азық-түлікке жұмсайды – бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Германия, Франция, Италия тәрізді батыс Еуропа елдерін есепке алмай, тек орталық және шығыс Еуропаны алсақ, оларда бұл көрсеткіш 16-17 пайыз, ал бізде шамамен – 50 пайыз. Сондықтан ҚҚС өсімі нақты табысты төмендетіп, халықты 1990 жылдардағы деңгейге қайта апаруы мүмкін – ол кезде жұрт табысын тек азық-түлік пен коммуналдық қызметке жұмсайтын.

– Қосылған құн салығының өсуі тұрмыстық тауар мен азық-түлік бағасының көтерілуіне алып келе ме?

– Әрине. Көп адам қосылған 12 пайыздан 16 пайызға өсіру түк емес деп ойлайды. Шын мәнінде, салық реформасының екінші бөлігі бар, ол – шығынды бөлшектеу тәртібі. Бұрын кәсіпкерлер белгілі бір шығынды бөлшектей алатын, енді бұл мүмкін емес. Мысалы, жұмысшыны ресми түрде жалдасаңыз, оған 200 мың теңге төлейсіз және үстінен шамамен 30 пайыз әлеуметтік төлем жасайсыз. Бұрын көп компания шығынды азайту үшін қызметкерлерді жеке кәсіпкер ретінде тіркейтін, ол кезде небәрі 3 пайыз салық төлейтін. Енді мұндай төлемдер есепке алынбайды, яғни салық жүктемесі шамамен 23 пайызға дейін өседі. Сонымен қатар қосымша құн салығын төлеу шегі 70 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін төмендетілді. Электронды шот-фактураның автоматтандырылған e-Tamga жүйесі енгізіліп жатыр. Ол бизнестен электронды шот-фактура (ЭШФ) рәсімделмей тұрып, ҚҚС-ты алдын ала төлеуді талап етеді. Осы факторлардың барлығы бизнестің шығынын арттырып, инфляцияны 25 пайызға дейін өсіруі мүмкін.

– Қазақстанда ұзақ уақыт бойы ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыз деңгейінде болды. Егер оны басқа елдермен, әсіресе Еуропамен салыстырсақ, онда көптеген мемлекетте бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Сонда ҚҚС мөлшерлемесін арттыру — қазіргі жағдайда дұрыс экономикалық шешім деп айтуға бола ма?

– Жоқ, мен мұны мүлде дұрыс шешім деп санамаймын. Біріншіден, біздің халқымыздың табыс деңгейі өте төмен. Еуропада азық-түлікке кететін шығын жалпы табыстың шамамен 16-17 пайызы болса, бізде бұл көрсеткіш – 50 пайыз шамасында, яғни үш есеге жуық жоғары. Бұл — Сахараның оңтүстігіндегі ең кедей Африка елдерінің деңгейімен шамалас (ол жақта бұл көрсеткіш 56-60 пайыз).

– Сіз қосылған құн салығын өсіру арқылы мемлекет қосымша 5 триллион теңге жинамақ екенін айттыңыз. Үкімет не себепті қосылған құн салығын арттыру туралы шешім қабылдады? Қажет ақшаны басқа жолмен – салықты өсірмей және Ұлттық қордың қаржысын пайдаланбай табуға бола ма? Сіздің ойыңызша, мемлекет шығындарды қай салада қысқарта алар еді?

– Елде бюджет тапшылығы қалыптасты. Ұлттық қорға кететін аударымдарды есепке алмасақ, бюджетке түсетін салық түсімде ішкі жалпы өнімнің 12 пайызына жуық. Бұл халықаралық деңгейде салыстырмалы түрде аз. Сондықтан бюджеттің табыс бөлігін арттыру керектігі рас. Оның бірнеше жолы бар. Біріншіден, салықты кімнен алу керек? Салық жүктемесі аз ірі шикізат өндірушілер мен монополист компаниялардан ба, әлде халықтан ба? Меніңше, ірі шикізат компаниялардан алған дұрыс, оларға салық жүктемесін арттыру керек. Қазір олардың төлейтін салығы айналымдарымен салыстырғанда өте аз. Екіншіден, бюджет кірісін арттырудың басқа да жолдары бар. Мысалы, ірі шикізат компанияларының айналымы 1 миллиард доллар болса, соның небәрі 10 миллионын ғана мемлекетке береді – яғни шамамен 1 пайыз. Орта есеппен алғанда, олардың салық жүктемесі [айналымның]1,5-2,5 пайыз шамасында. Ал Қазақстандағы жеке кәсіпкерлер айналымнан 3 пайыз төлейді.

Екіншіден, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру керек. «Самұрық-Қазына» сияқты құрылымдардың активтері елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен жартысына тең – яғни 70 трлн теңге көлемінде. Егер олар тиімді жұмыс істесе, бюджетке жыл сайын қосымша 7-10 трлн теңге әкелер еді. Белгілі бір активтерді жартылай жекешелендіруге де болады: мысалы, теміржолдың өзін емес, бірақ жылжымалы құрамды жеке операторларға жалға беруге мүмкіндік жасау.

Үшіншіден, кеденді ретке келтіру керек. Мысалы, Қорғас кеденінде Қазақстан мен Қытай жағы көрсететін түсімдер айырмасы 40 пайызға жетті. Бұл – тек бір шекара бекетіндегі жағдай.

– Сіз бұған дейін инфляцияның өсуі халықтың наразылығын тудырып отырған негізгі мәселелердің бірі екенін айттыңыз. Қазір бұл тақырып әлеуметтік желілерде де кеңінен талқыланып жатыр. Егер салыстырар болсақ: Қазақстанда соңғы жылда инфляция 8 пайыздан 13 пайызға дейін өсті, ал Ресейде – 8 пайыздан 9 пайызға дейін ғана. Соған қарамастан тұрақты деңгейде қалып отыр. Бізде неге инфляция жоғары?

– Біздің экономиканың ерекшелігі – монополия деңгейінің өте жоғары болуы. Бұрын айтқанымыздай, «Самұрық-Қазына» сияқты ірі мемлекеттік компаниялар нарықта үстемдік етеді. Сонымен қатар, ұлттық байлықтың едәуір бөлігі президент атап өткендей, шамамен 162 адамның қолында шоғырланған. Дәл осы монополиялық құрылым инфляцияның жоғары болуын түсіндіреді. Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені көтеру арқылы тұтынуды азайтып, баға өсімін тежеуге тырысады, бірақ оның әсері әлсіз. Неліктен? Себебі монополия жағдайында пайыздық мөлшерлеменің өсуі де нәтиже бермейді — тұтынушы бәрібір бағаны кім белгілесе, содан сатып алуға мәжбүр.

– Экономика ресми түрде өсіп жатыр дейді, бірақ халықтың өмірі неге жақсармайды?

– Бұл – байлықтың әділетсіз бөлінуінің нәтижесі. Мысалы, Қашаған жобасынан Қазақстан бар болғаны 1 пайыз пайда көрді, ал 99 пайыз шетелдік инвесторлар мен шенеуніктерге кетті. Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы айтылғанымен, елге бар болғаны 1,5 млрд доллар ғана қайтарылды. Бұл теңізге тамған тамшыдай ғана.

– Онда бұл өзгерістерді неден бастау керек? Ең алдымен нені өзгерту қажет?

– Біріншіден, «Самұрық-Қазына» қорының бір бөлігін жекешелендіру қажет. Екіншіден, утилизация алымы мен алғашқы тіркеу төлемін жою керек. Бұл техника мен автокөліктердің бағасын 1,5-2 есеге дейін төмендетіп, ауыл шаруашылығы мен туризмнің дамуына серпін береді.

Қазір бұл салаларға қаржы бөлінеді, бірақ ол тиімді жұмсалмайды. Мысалы, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 4 пайыз мөлшерлемемен несие беріледі, алайда утилизация алымы салдарынан техника бағасы үш-төрт есеге қымбаттап кеткен. Соның нәтижесінде нақты қолдау болмай отыр. Сондықтан мәселенің салдарымен емес, оның себептерімен күресу керек.

Дарын Утепов,

Ақдана Ержанова,

Сабина Тұрлыбек,

Мерей Кендірбекқызы,

СДУ Журналистика мектебінің 2-курс студенттері

Келесі
Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Түркия Қазақстаннан мұнай тасымалын ұлғайтты

Соңғы жазбалар

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Уиткофф Путиннен шыққан соң Зеленскиймен кездеспей кетті

3 декабря, 2025
Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Түркия Қазақстаннан мұнай тасымалын ұлғайтты

2 декабря, 2025
«Қосылған құн салығын өсіру елді 90-жылдарғы жағдайға әкелуі мүмкін…»

«Қосылған құн салығын өсіру елді 90-жылдарғы жағдайға әкелуі мүмкін…»

2 декабря, 2025
«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді

«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді

1 декабря, 2025
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

Президент өзгертудің көптігіне меңзеп «жаңа Конституция» туралы айтты

28 ноября, 2025
Назарбаевтың туысы делінген адамның ұсталғанын ҰҚК растады

Назарбаевтың туысы делінген адамның ұсталғанын ҰҚК растады

27 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.