• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
22.05.2026
ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бельгиялық инвестор Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

«Монстрей Фрэнк Джозеф. Екі күннен бері іздеуде. Туған күні: 22 сәуір 1965 жыл, жынысы: ер, шетел азаматы, өзге ұлт өкілі. 2026 жылғы 20 мамырдағы іздестіру ісі «Астана» өңірінде тіркелген. Бастамашы: ҚР ҰҚК. Іздеу салушы орган: ҚР ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі», — делінген Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы Монстрейдің іздеу карточкасында.

Монстрей 2010 жылы мұнай мен газ конденсаты кен орындарын барлау және игерумен айналысатын Zhaikmunai компаниясының 40,5% үлесіне иелік еткен, сондай-ақ, Nostrum Oil компаниясы акционерлерінің бірі болған.

Тengrinews ақпараттық ресурсының дерегінше, Фрэнк Джозеф Монстрей бельгиялық кәсіпкер және инвестор, бұрынғы мұнай магнаты ретінде сипатталады. Ол 2000 жылдардан бастап бұрынғы кеңестік елдерде, соның ішінде Қазақстанда белсенді жұмыс істеген.

Оның Қазақстандағы негізгі бизнес-жобасы Nostrum Oil & Gas (бұрынғы «Жайықмұнай») мұнай-газ компаниясы болды. Кейін ол компанияны Лондон биржасына шығарып, мұнай-газ секторынан кеткен делінеді.

Бірқатар жарияланымда Фрэнк Монстрейдің есімі Қазақстанда сырттай сотталған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен ықтимал байланысы және Nostrum Oil & Gas компаниясының активтеріне қатысты даулар төңірегінде аталған.

Kiar.center мәліметінше, 2017 жылы Лондонның Жоғарғы соты БТА Банкінің Әблязов пен басқа да жауапкерлерге қарсы ісі аясында бастаған талқылаулар аясында Монстреймен байланысты компаниялардың акцияларымен жасалатын операцияларға шектеу қойған.

Tags: Nostrum OilЖайықмұнайҰҚКФрэнк Джозеф Монстрей
Келесі
Соғыстың соңы немен бітері белгісіз. Бірақ Иран Ормуздағы өткел үшін алым алудан дәмелі

Соғыстың соңы немен бітері белгісіз. Бірақ Иран Ормуздағы өткел үшін алым алудан дәмелі

Соңғы жазбалар

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

14 июня, 2026
AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

13 июня, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

12 июня, 2026
Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

11 июня, 2026
Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

11 июня, 2026
Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

9 июня, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.