• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.05.2026
Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті
Share on FacebookShare on Twitter

18 мамырда Алматыда Абай театрында қайраткер ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толға мерейтойына арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды. Алайда денсаулық жағдайына байланысты ақын өзіне арналған кешке қатыса алмады.

Шараға келген көрерменнің көпшілігі ақынды көзбен көруге ықыласты екендігін білдіріп жатты.

Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, шенеуніктерден тыс Олжас поэзиясы мен азаматттығына тәнті болған көпшілік жиналды.

Жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, ақынның ел тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесін атап өтті. Бұған қоса әдебиет, мәдениет өкілдері мен бірқатар белгілі тұлғалар да құттықтау, тілектерін білдірді.

Кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әуелде геология саласында білім алды. Алайда шығармашылыққа деген құштарлығы оны әдебиет әлеміне алып келді. Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтында білім алған жас ақын 1959 жылдан бастап әдеби ортаға кеңінен таныла бастады.

Олжас Сүлейменовтің есімін әлемге алғаш танытқан шығармалардың бірі – ғарышқа алғашқы адамның ұшуы әсерінен жазылған «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасы. Ал 1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кітабы кеңестік кезеңдегі ең батыл еңбектердің біріне айналды. Автор бұл зерттеуінде түркі және славян халықтарының тарихи-мәдени байланысын тың қырынан талдап, «Игорь полкі туралы жырдың» астарындағы түркілік белгілерді саралап, орыс әдебиетінде қалыптасқан бірқатар мифке соққы берді. Кітап жарық көргеннен кейін Мәскеуде үлкен пікірталас туып, «Аз и Я» кітабының таратылуына тыйым салынды. Ал автор бірнеше жыл бойы саяси қысымға ұшырады. Соған қарамастан, «Аз и Я» түркі халықтарының тарихи санасын жаңғыртып, ұлттық рухтың күшеюіне зор ықпал етті.

Олжас Сүлейменов тек ақын ғана емес, қоғам өмірінде де белсенді қызмет атқарған тұлға. Ол халықаралық деңгейде ядролық қаруға қарсы қозғалыстарды қолдап, адамзат қауіпсіздігі мәселелерін көтерді. Әсіресе Семей ядролық полигонын жабуға бағытталған «Невада – Семей» қозғалысының бастамашысы ретінде ел тарихында ерекше орын алды. Олжас Сүлейменовтың Желтоқсан оқиғасында зардап шеккендерді анықтап, ақтаудағы еңбегі әзірге қоғамда аталмай келе жатыр. Алаш «ақтаңдақтарын» ақтауда ақын демократиялық қадамға барды. Желтоқсан оқиғасы тұсында Жазушылар одағы басқарған ол қоғамдағы жаңа қатынасты оңынан қабылдап, ақиқаттың шалуына ұйытқы болды.

Сонымен қатар ол саяси қызмет атқарып, кейін билік жағына өтіп, дипломатияда да өзінің қайраткерлігін танытты. Тәуелсіздік алған соң Халық конгрессі партиясын құрған ол президент сайлауына қатысатынын жариялаған еді. Алайда кейін Францияға дипломатиялық қызметке жіберілді. Ол Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі болып қызмет атқарды.

Tags: 90 жасАз и ЯОлжасСүлейменов
Келесі
«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

Соңғы жазбалар

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

ҰҚК Әбілязовқа қатысты аталатын бельгиялық инвесторға іздеу жариялады

22 мая, 2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

21 мая, 2026
«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

20 мая, 2026
Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

19 мая, 2026
Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

16 мая, 2026
ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

ТМҰ-ны тербейтін ұсыныстар айтылды. Президент саяси науқанды да Ясауиге тіреді

15 мая, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.