• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
20.05.2026
«Азаттық» радиосы қазақ қызметінің веб сайты әлі де ашылмай тұр
Share on FacebookShare on Twitter

19 мамырдан бері Қазақстанда «Азаттық» радиосының қазақ қызметінің веб сайты мен Azattyk Asia веб-сайты ашылмай қалды. Бұл жағдайда қатысты ресми органдар әзірге түсініктеме бермеді.

18 мамырда «Азаттық» радиосы «Мемлекеттен ірі тендер алатын компанияның артында президенттің жиендері тұр ма?» деген журналистік зерттеу жариялаған еді. Бұл зерттеуде миллиардтаған теңгенің тендерлерін алып жүрген «ВД Строй-Инжиниринг» құрылыс компаниясы Тоқаевтың жиендерімен байланысы болуы мүмкін дейді.

Тоқаев билікке келген соң тасы өрге домалаған «ВД Строй-инжиниринг» компаниясы қазір президенттің атқорасы мен бәйге алаңын, Қызылорда мен Семейде стадион, Алматыда мұз айдынын, Түркістанда ипподром, Астанада «Қазанат» атшабары мен «Жерұйық» саябағын салып жатыр. Жобалар тізімі ұзақ, ауқымы айтарлықтай.

Президент Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастина мен оның ұлы Бекет кезінде «KZK Group» пен «KZ DEVELOPMENT» дейтін компанияларды басқарған. Бұл екі компанияны кейін Панамада тіркелген құпия офшор иеленіп, оған Бағдат Өміржанова дейтін әйел жетекшілік ете бастайды. Дәл осы Өміржанова 2020 жылы «ВД Строй-инжиниринг» компаниясының құрылтайшысы болып бекітіледі. Өміржанова бұдан бөлек 2021 жылы президенттің тағы бір жиені Дана Медеуовамен Астанада «Сал сері» дейтін аттас компания құрған.

Зерттеу анықтаған тағы бір дерек — бір жылдары осы «ВД Строй-инжинирингінің» директоры болған Рустам Қарағойшин мен президенттің тағы бір жиені Қаныш Ізбастиннің биографиясындағы сәйкестіктер. Қаныш мемлекеттік «БРК-Лизинг», «ҚазАгроФинанс» пен «Бәйтерек» ұлттық холдингілерін басқарған жылдары Қарағойшин де сол компанияларда лауазымды қызметтер атқарған. 2021-2023 жылдары «ВД Строй-инжиниринг» компаниясын басқарған Қарағойшин Forbes-тің дәулеттілер рейтингіне кірген еді.

Азаттық президент әкімшілігі мен Тоқаевтың жиені Қаныш Ізбастинге компанияның ірі мемлекеттік тапсырыстарды ұтып алуына олардың туыстық қарым-қатынасы қалай ықпал етті, бұл компания артында жиендердің өзі тұр ма деп сауал жолдаған екен. Бірақ жауап ала алмапты.

Азаттық Радиосының сайты бұған дейін де бұғатталып, троттлинг болып тұрған. Осы материал жарияланған соң сайт мүлдем ашылмай қалды. Материалды орыс тіліне аударып басқан Azattyk Asia сайты да ашылмай тұр.

Скринда аталмыш компания мемлекеттен алған ондаған миллиардтық тапсырыстардың ресми анықталғаны көрсетілген.

Tags: Азаттық радиосыБағдат ӨміржановаВД Строй-инжинирингДана МедеуоваІзбастинІзбастинаҚанышҚарлығаРустам ҚарағойшинТоқаев
Келесі
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

Соңғы жазбалар

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

14 июня, 2026
AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

13 июня, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

12 июня, 2026
Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

11 июня, 2026
Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

11 июня, 2026
Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

9 июня, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.