• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16.05.2026
Назарбаевтың туған күніне қарай құрылысы басталған LRT Тоқаевтың туған күні алдында іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

16 мамырда Astana LRT жүйесі іске қосылды. Ресми ақпаратқа қарағанда, LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдай алады. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді. Басқару, жылдамдықты арттыру және тежеу, есікті ашу үдерістері, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер толығымен автоматтандырылған.

Бағыт бойынша кететін уақыт – шамамен 40 минут. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді. Транспорт таңғы алтыдан түнгі 23:00-ге дейін қатынайды. Билет құны 200 теңге болмақ.

Ресми мәліметке қарағанда, қазір LRT жобасының екінші кезегі де жүзеге асырылып жатыр.

Азаттық радиосы Astana LRT жүйесінің іске қосылуы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күнімен тұспа-тұс келгеніне назар аудартады. 17 мамырда Тоқаев 73-ке келеді. Бұған дейін ол туған күнін тойламайтынын және өзінің туған күніне орай мерекелік іс-шаралар қажет емес екенін айтқан.

LRT – Қазақстандағы ең даулы жобалардың бірі. Алғаш рет 2011 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында, 4 шілдеде Астанада LRT құрылысы формальды түрде басталған. Сонда құрылыстың 2 жарым жылдың ішінде салынатыны айтылған. Кейін Назарбаев оның қымбатқа түсетінін айтып, құрылыс тоқтаған. 2017 жылы құрылыс қайта басталмақшы болып, кейін жалғаспаған. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары билік басына келгеннен кейін LRT құрылысы «оңтайландырылған». Осы аралықта қаржы тапшылығы және осы құрылысқа қатысты жемқорлық дауы LRT-ның салынуына кедергі болып келген.

2021 жылы қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана LRT компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ардан Стамбұлда екенін, оны ұстау шаралары жүріп жатқанын мәлімдеген. Бұл іс бойынша тағы бір айыпталушы Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков АҚШ-та екенін, АҚШ-пен экстрадиция бойынша екіжақты келісім жоқ болғандықтан оны елге қайтару мүмкін еместігін айтқан. Сот бұл екеуін сырттай қамауға санкция берген.

Былтыр мамырда Талғат Ардан Түркияда ұсталғаны мәлім болды. Сол айда LRT-дағы ақша жымқыру ісі бойынша бір топ адамға үкім шықты.

Tags: LRTАрданНазарбаевСұлтанбековТоқаев
Келесі
Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

Олжастың 90 жастық мерейтойы ақынның қатысуынсыз өтті

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.