• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Жаратқанның нығметіне қарсы шығу». Президент тіл құрылтайында «үлкен күнә» туралы айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.11.2026
«Жаратқанның нығметіне қарсы шығу». Президент тіл құрылтайында «үлкен күнә» туралы айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілін дамыту – елде өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес», «тілдерді бір-біріне қарсы қою – үлкен күнә, оның салдарын көріп жатырмыз» деп мәлімдеді.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Мәліметке қарағанда Қазақстан басшысы бұл туралы 10 қарашада Астанада өткен «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында айтты.

Бұған қоса, ол «тілдерді пайдаланып жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істерімен айналысып жүр» деп, «оларды «Заң мен тәртіп» қағидасымен жауапкершілікке тарту керек» деді.

«Осы жерде тағы да қайталап айтқым келеді: кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей… Біз қазақ тілін ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дамытуымыз керек. Ана тіліміз жаһан жұртшылығына тартымды тіл болуы керек,»- деді ол жиында.

Қазақстанда қазақ тілі мен орыс тіліне қатысты дау оқтын-оқтын болып тұрады. Тұтынушылар қазақ тілінде қызмет көрсетпеген, қызметшілері орысша сөйлеген бизнес орындарына бірнеше рет бойкот жариялаған.

2025 жылы клиенттердің бірі «Магнум» сауда желісінің курьері қазақша сөйлеуді талап етті деп шағымданған соң «Магнум» қызметкерін жұмыстан шығарып жіберген. Осыдан соң жұрт «Магнум» сауда желісінен тауар алмай бойкот жариялаған. Бұған қоса, Астанада қазақ тілінде меню беруден бас тартқан Qazaq Coffee кофеханасы да кәнсілге ұшырап, кейін жабылған.

Биыл елде жаңа Конституция қабылданғанда да жұрт қазақ тілі мен орыс тілінің статусына қатысты талқы туғызған. Қоғамдағы шудан соң Конституция жобасындағы «орыс тілі қазақ тілімен тең қолданады» деген ереже «орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданады» деп өзгертілген еді.

Tags: күнәқазақ тілімемлекеттік тілтілтіл құрылтайыТоқаев
Келесі
Ресейдің Украинадағы соғысын талқылаған 2 күндік үшжақты келіссөз аяқталды

Ресейдің Украинадағы соғысын талқылаған 2 күндік үшжақты келіссөз аяқталды

Соңғы жазбалар

Сарай сатып алуымен аты шыққан Құлыбаев тағы бір дауға ілікті

Назарбаевтың күйеу баласына қатысты дау шықты

19 ноября, 2026
«Шекарасыз тілшілер» Борейкоға шыққан сот шешімін жоюға үндеді

«Шекарасыз тілшілер» Борейкоға шыққан сот шешімін жоюға үндеді

18 ноября, 2026
БҰҰ журналист Думан Мұхаммедкәрім нахақ сотталған деп шешіп, дереу босатуға шақырды

БҰҰ журналист Думан Мұхаммедкәрім нахақ сотталған деп шешіп, дереу босатуға шақырды

17 ноября, 2026
Топ-менеджерлерді ұстаған ҰҚК басшылары да ауыса қалды

Топ-менеджерлерді ұстаған ҰҚК басшылары да ауыса қалды

16 ноября, 2026
Топ-менеджерлер ұсталған соң. Президент «ниеті теріс» кісілерді «жау» деп жариялады

Топ-менеджерлер ұсталған соң. Президент «ниеті теріс» кісілерді «жау» деп жариялады

13 ноября, 2026
«Самұрық-Қазына» және ҚТЖ. Бір күнде 2 топ-менеджер ұсталды

«Самұрық-Қазына» және ҚТЖ. Бір күнде 2 топ-менеджер ұсталды

12 ноября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.