• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Топ-менеджерлер ұсталған соң. Президент «ниеті теріс» кісілерді «жау» деп жариялады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.11.2026
Топ-менеджерлер ұсталған соң. Президент «ниеті теріс» кісілерді «жау» деп жариялады
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, көлік-логистика саласындағы олқылықтарға тоқталды. Одан бір күн алдын, 12 қарашада Астанада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы мен осы ұйымға ҚТЖ жетекшісі ұсталған.

– Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай. Жалпы, заң бойынша тергеу мәселелерін жариялауға немесе ашып көрсетуге болмайды. Оның үстіне тергеу жұмысы да енді басталды, — дейді президент Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл – «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жариялап, оны Конституцияда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс.

– Осы орайда, Үкімет пен бақылаушы органдар биыл 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде маған ұсыныс берсін, — деді президент Тоқаев. Ел басшысы «сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз,»- деп атап көрсеткен.

Еске салсақ, 11 қарашада ҰҚК «Самұрық-Қазынаның» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиев және сыбайлас жемқорлық күдігімен өзге де тұлғалар ұсталғанын растаған.

Tags: Елжас ОтыншиевжемқорлықҚТЖНұрлан ЖақыповСамұрық-Қазына
Келесі
Топ-менеджерлерді ұстаған ҰҚК басшылары да ауыса қалды

Топ-менеджерлерді ұстаған ҰҚК басшылары да ауыса қалды

Соңғы жазбалар

Сарай сатып алуымен аты шыққан Құлыбаев тағы бір дауға ілікті

Назарбаевтың күйеу баласына қатысты дау шықты

19 ноября, 2026
«Шекарасыз тілшілер» Борейкоға шыққан сот шешімін жоюға үндеді

«Шекарасыз тілшілер» Борейкоға шыққан сот шешімін жоюға үндеді

18 ноября, 2026
БҰҰ журналист Думан Мұхаммедкәрім нахақ сотталған деп шешіп, дереу босатуға шақырды

БҰҰ журналист Думан Мұхаммедкәрім нахақ сотталған деп шешіп, дереу босатуға шақырды

17 ноября, 2026
Топ-менеджерлерді ұстаған ҰҚК басшылары да ауыса қалды

Топ-менеджерлерді ұстаған ҰҚК басшылары да ауыса қалды

16 ноября, 2026
Топ-менеджерлер ұсталған соң. Президент «ниеті теріс» кісілерді «жау» деп жариялады

Топ-менеджерлер ұсталған соң. Президент «ниеті теріс» кісілерді «жау» деп жариялады

13 ноября, 2026
«Самұрық-Қазына» және ҚТЖ. Бір күнде 2 топ-менеджер ұсталды

«Самұрық-Қазына» және ҚТЖ. Бір күнде 2 топ-менеджер ұсталды

12 ноября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.