• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Деректерімізді кім қарайды? — «Яндекстің» зақымы Құрылтай депутатын алаңдатты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14.10.2026
Деректерімізді кім қарайды? — «Яндекстің» зақымы Құрылтай депутатын алаңдатты
Share on FacebookShare on Twitter

«Яндекс» жұмысындағы іркілістен кейін Құрылтай депутаты дербес деректердің сақталуына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы 14 қазанда ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

«11 қазанда қазақстандықтар «Яндекс» компаниясының кейбір қызметтеріне қол жеткізе алмады. Компания мұны шетелдегі инфрақұрылымдағы ақаумен түсіндірді. Министрлік қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректері сақталатын серверлер ел аумағында орналасқанын мәлімдегенімен, кейбір компоненттердің Қазақстаннан тыс жерде екенін растады. Күн сайын азаматтардың телефон нөмірі, мекенжайы, жүріп-тұру бағыты мен төлем деректерін өңдейтін сервистің шетелдегі бір ақаудан тоқтап қалуы бұл деректердің нақты қай елде, қандай құқықтық режимде өңделетінін ашық анықтауды талап етеді».

Бұл туралы сәрсенбі күні құрылтай отырысында депутат Ләззат Жылқыбаева бас прокурор Берік Асылов пен премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жолдаған сауалында атап өткен.

«Жақында Қызылорда облысының Шиелі ауданында жеті білім беру ұйымы 529 қызметкердің дербес деректерін мемлекеттік сатып алу порталында ашық жариялаған. Ал, Семей қаласында қызметкерлермен қатар 344 кәмелетке толмаған баланың деректері ашық қолжетімді болған. Бұл деректерді алу үшін ақпараттық жүйені бұзудың да қажеті болмаған. Оларды қорғауға тиіс ұйымдардың өздері ашық жариялаған», — деген депутат адамдар мемлекеттік қызмет алғанда, банкке жүгінгенде, емханаға тіркелгенде, баланы мектепке орналастырғанда тапсырылатын мәліметтердің сақталуына тоқталды.

«Бірақ одан кейін не болады? Деректерімізді кім қарайды? Қандай мақсатта пайдаланады? Біз мұны қалай бақылай аламыз? Әсіресе, балалардың мәліметтеріне мұқият қарау қажет. Баланың тұратын жері, оқу орны, денсаулығы мен отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпараттың таралуы оның жеке өміріне де қауіп төндіруі мүмкін», — деген депутат Ләззат Жылқыбаева.

Осы жағдайға орай билікшіл «Әділет» партиясынан сайланған депутат үкіметтің алдына мынандай мәселені қойды.

«Біріншіден, 11 қазандағы жағдайға байланысты дербес деректердің трансшекаралық берілу-берілмеу заңдылығын тексеру қажет. Екіншіден, әлеуметтік нысандар мен оларға қызмет көрсететін компаниялардың дербес деректерді жинау заңдылығын тексеру қажет. Үшіншіден, осы жылы маусымда заңнамаға жалпыға қолжетімді көздерде жариялауға жатпайтын дербес деректерді бүркемелеу әдістерін қолдану талаптары енгізілді. Алайда жоғарыда айтылған фактілер осы талаптардың сақталуын тексеру қажеттігін көрсетті. Төртіншіден, осы саладағы мамандардың біліктілігін арттырып, жергілікті атқарушы органдардың тексеру жүргізуіне арналған бірыңғай әдістеме әзірлеу қажет. Бесіншіден, дербес деректері заңсыз жарияланған азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тетіктерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет», — деп түйіндеді Жылқыбаева.

Еске салайық, 11 қазанда Қазақстанда «Яндекс» жүйелерінде іркілістер басталды. Компанияның өзі мойындағандай, «технологиялық сервистердің жұмысы әртүрлі елдерде орналасқан жекелеген компоненттері бар бөлінген есептеу инфрақұрылымына тәуелді». Сондай-ақ іркілістерге 2023 жылдан бастап жалғыз иесі «Яндекс» компаниясы болып табылатын Uber сервисінің қазақстандық пайдаланушылары да шағымданды.

Бұған дейін ресейлік РБК басылымы 8 қазанға қараған түні дрондар шабуылынан кейін Рязань облысының Сасово қаласындағы «Яндекс» деректер орталығында өрт шыққанын хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, нысанның жұмысы толығымен тоқтаған. Сондай-ақ 9 қазанда дрондар компанияның Калугадағы деректер орталығына шабуыл жасап, бірнеше модуль істен шыққаны атап өтіледі. Компания қызметкерлердің зардап шекпегенін хабарлады, алайда жабдықтың жұмысын қалпына келтіру мерзімін әзірге анықтау қиын екенін мәлімдеді.

Бұған қоса, 10 қазанда «Яндекс» пайдаланушылық келісіміне өзгерістер енгізіп, форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде тараптарды жауапкершіліктен босату туралы ережелерді қосқаны белгілі болды. Атап айтқанда, тізімге әскери іс-қимылдар, террорлық актілер, соның ішінде дрондар мен зымырандарды қолдану арқылы жасалған шабуылдар, сондай-ақ атқылау мен жарылыстардың салдары енгізілгені анықталды.

Зерттеуші журналист, Elmedia редакторы Аян Шәріпбаев жағдайға түсініктеме бере отырып, Астанадағы деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) салу және жабдықтау кезінде бұзушылықтар болуы мүмкін екенін мәлімдеді, ал журналист Михаил Козачков «Яндекс Қазақстанның» ресейлік қуаттардан тәуелсіз жұмыс істеу қабілетіне күмән келтірді. Аталған пікірлер жарияланғаннан кейін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі компанияның жекелеген сервистерінің жұмысындағы іркілістерге қарамастан, «Яндекстің» қазақстандық пайдаланушыларының дербес деректерін сақтайтын серверлер штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтқан.

Tags: дербес деректерҚұрылтайЛәззат ЖылқыбаеваЯндекс
Келесі
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

Соңғы жазбалар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

15 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.