• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Дат, тақсыр! Құрылтайда тіркеуден шеттелген журналистке Журналистер одағы араша түсті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
08.10.2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады
Share on FacebookShare on Twitter

7 қазан күні Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев журналист Назымгүл Қүмісбаеваның аккредиттелуіне қатысты Құрылтай спикері Айбек Дәдебайға жүгінді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Otkir kurek» онлайн-басылымының бас редакторы Назымгүл Күмісбаеваға Құрылтайда жұмыс істеу үшін тұрақты аккредиттеуден бас тартылғаны туралы жазба жарияланды. Журналистер одағы Құрылтайдың жұмысы мен оның БАҚ үшін ашықтығына үлкен құрметпен қарайды, сондықтан Сіздің назарыңызды осы жағдайға аударғымыз келеді», — деген Матаев Дәдебайға жүгінген.

Журналистер одағы басшысының пікірінше, бұл жағдай төмендегі нормаларға қатысты шектеу ретінде қабылдануы мүмкін:

  1. ҚР Конституциясы:
  • 23-баптың 3-тармағы — Мемлекеттік құпияларды қоспағанда, еркін ақпарат алу және тарату құқығы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер тізбесі заңда айқындалады;
  • 23-баптың 5-тармағы — Цензураға тыйым салынады;
  • 41-баптың 1-тармағы — Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында тек заңмен және қажетті шамада ғана шектелуi мүмкiн.
  1. ҚР «Масс-медиа туралы» заңы:
  • 28-баптың 1-тармағы — Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу міндет туралы;
  • 28-баптың 4-тармағы — Журналистердің аккредиттеуден айырылуы туралы;
  • 26-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы — Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, оның iшiнде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалана отырып жазбалар жүргізуге, кино- және фототүсiрілім жасауға туралы құқық туралы.

«Тұрақты аккредиттеуден бас тарту журналистің заңды кәсіби қызметін жүзеге асыруын қиындатады және азаматтардың өкілді органның жұмысы туралы ақпарат алу құқығын шектейді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, аталған шешімді қайта қарау және «Otkir kurek» басылымының бас редакторы Назымгүл Қүмысбаеваға тұрақты аккредитация беру мүмкіндігін қарастырғандарыңыз үшін ризашылық білдірер едік. Медиақауымдастықпен ашық өзара іс-қимыл қағидаттарын түсініп, қолдағаныңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз», — деп қосты Сейітқазы Матаев.

Елдегі тәуелсіз журналистердің бірі Назымгүл Күмісбаева билік тарапынан жиі қысымға ұшырайды. Ол, әсіресе, Құрылтайдағы журналистердің жұмысына қойылған жаңа талаптарды сынап келген.

Tags: аккредитацияҚұрылтайНазымгүл КүмісбаеваСейітқазы Матаев
Келесі
Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Соңғы жазбалар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

15 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.