• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
05.10.2026
Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты
Share on FacebookShare on Twitter

5 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігін кешенді тексеру комиссиясы мүшелерімен кеңес өткізді.

Комиссия төрағасы, қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева алдын-ала қорытынды туралы баяндады. Ресми мәліметке қарағанда, Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға салада қордаланған жүйелік проблемаларды әшкерелегені айтылған. Әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде өрескел қателіктер жіберілгені, бұған дейінгі басшылықтың тиісті қадағалау жасамағаны аталды.

Тексерістің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары мемлекет мүлкін талан-таражға салу, қызметін асыра пайдалану фактілеріне қатысты және министрлікке қарасты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелер қызметіндегі заңға қайшы әрекеттер үшін 13 қылмыстық іс қозғалған.

Каспийдегі қасіретті тергеуде оқу-жаттығу және жоспарлау кезінде қатерді бағалау, десант түсіруді ұйымдастыру және әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты кемшіліктерге жол берілгені анықталған. Қолбасшылық құрамның салғырттығы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бес лауазымды тұлға тұтқындалған.

Ақордадағы жиында әскердегі әлімжеттік жайлы айтылғаны назар аудартады.

5 қазанда президент қорғаныс министрлігін кешенді тексеру комиссиясының мүшесі, жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты жеке де қабылдаған. Онда кешенді тексеру 50 нысанды, оның ішінде 48 әскери бөлімді қамтитыны айтылған.

Бұл комиссия 26 қыркүйекте құрылған. Тексеру 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 теңізшінің қазасынан кейін басталған.

Tags: 14 теңізшіКаспийдегі қазакешенді тексеруқорғаныс министрлігітексеру комиссиясы
Келесі
14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

Соңғы жазбалар

Путиннің мысқылы. «Зеленский Мәскеуге келе берсін…»

Путин уақытша бітіммен шектелмейтін шартпен соғысты тоқтатуға келісе алатынын айтты

23 октября, 2026
Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.