• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Путин уақытша бітіммен шектелмейтін шартпен соғысты тоқтатуға келісе алатынын айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.10.2026
Путиннің мысқылы. «Зеленский Мәскеуге келе берсін…»
Share on FacebookShare on Twitter

Ресей президенті Владимир Путин 22 қазанда Ресей Украинадағы жағдайды шешу бойынша келісімге келуге дайын және онымен соғысқысы келмеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

“Ресей Украинамен соғысқысы келмейді. Бірақ бүгінгі украин билігі соғысқысы келсе, соғыса берсін,”- деген Путин.

Айтуынша, осы аптада АҚШ өкілдерімен келіссөз кезінде үшжақты байланысты қалпына келтіру жөнінде келісім жасалған.

«Бұл келіссөздің мақсаты — бейбіт келісімге қол жеткізілгеннен кейін Украина мен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылау», — дейді ол.

Ресей басшысы дегенмен келісім ұрыс қимылдарын қысқа мерзімге тоқтатумен шектелмей, түпкілікті сипатта болуы керегін айтты. Осылайша Путин уақытша бітім орнатудан гөрі мүддесі әріде жатқанын тағы да аңдатып отыр.

Ресей басып алған аумақтың бір бөлігінен Киев бас тартқан жағдайда бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген Путин Мәскеу көздеп отырған Украинаның шығысындағы аумақтарды «тарихи тұрғыдан Ресейге тиесілі жерлер» деп атады.

«Біріншіден, менің бұл мәселеге көзқарасым мынадай: бұл — олардың жері емес. Бұл — тарихи тұрғыда Ресейдің аумағы… Сондықтан қандай да бір аумақтық шығын туралы айту орынсыз деп ойлаймын», — деген Ресей басшысы.

Бұдан алдын 21 қазанда Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен арадағы соғыс қимылдарын қазіргі майдан шебін сақтай отырып тоқтатуға болатынын мәлімдеген. Қазіргі шеп Украинаның 25 пайыздай жерінен айрылған тұсқа дөп келеді.

Tags: бейбіт келісімЗеленскийПутинРесейсоғысУкраина

Соңғы жазбалар

Путиннің мысқылы. «Зеленский Мәскеуге келе берсін…»

Путин уақытша бітіммен шектелмейтін шартпен соғысты тоқтатуға келісе алатынын айтты

23 октября, 2026
Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.