• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Барар жері БҰҰ ма? Үміткерлерді іріктеу сәтсіз аяқталғанда Қазақстан басшысы аталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.10.2026
Украина бойынша қарар. Қазақстан АҚШ пен Қытайға қосылып қалыс қалды
Share on FacebookShare on Twitter

БҰҰ бас хатшылығынан үміткерлерді іріктеу кезеңі “сәтсіз” аяқталғаннан кейін жаңа ықтимал кандидаттардың аты атала басталды, арасында Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Азаттықтың Guardian басылымына сілтеп хабарлауынша, БҰҰ-да үш жабық дауыс беру айқын жеңімпазды анықтай алмағанын жазды. Дегенмен үш кандидаттың “әлі де мүмкіндігі” бар.

БҰҰ-дағы тығырық тұсында одан да өзге ықтимал үміткерлердің аты аталып жатыр. Арасында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, БАӘ сыртқы істер министрі Лана Нусейбе, Венгрияның бұрынғы премьері Виктор Орбан да бар. Бірақ бұлардың ешқайсысы ресми түрде өтініш бермегені айтылады.

Үміткерді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің кемінде 9-ы қолдауы керек және кеңестің тұрақты бес мүшесі – Франция, Ұлыбритания, Қытай, Ресей немесе АҚШ ешқайсысы қарсы болмауы керек. «Кеңестің тұрақты мүшелері арасында ымыраға келу терең саяси қайшылықтарға байланысты қиын болып барады» деп жазған британиялық Guardian.

Қазақстанда «Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы қызметіне кандидат болуы ықтимал» деген болжамдар біраздан бері айтылып жүр. Бірқатар сарапшы биыл наурызда жаңа Конституцияның жедел қабылданғаны, жаңадан вице-президент лауазымы енгізілуі билік транзитіне дайындық болуы мүмкін деп топшылаған.

13 наурызда Reuters агенттігі «қазақстандық дипломаттар ортасындағы дереккөзге» сүйеніп, Тоқаев «өз кандидатурасын Бас хатшы лауазымына ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатқанын» хабарлаған.

Алайда Тоқаев бұған дейін «БҰҰ-ға бармайтынын» кемі екі рет айтқан. Биыл қаңтарда «Түркістан» басылымына берген сұхбатында «ұсыныстарға қарамастан, Біріккен ұлттар ұйымындағы жұмысқа қайта оралатын ниетім жоқ» деп мәлімдеді. 2025 жылғы 3 қаңтарда «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Тоқаев «Женевадағы тәжірибем маған жетеді» деген.

Биыл тамызда Тоқаев алда президент сайлауына түсу-түспеуге қатысты нақты жауапты 2027 жылы айтамын деді. Ол 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткенде оның орнына келді, кейін сайлау өтті. Тоқаевты Назарбаев ұсынған.

Tags: GuardianБҰҰ бас хатшысыТоқаев
Келесі
Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала "қолды болды"

Соңғы жазбалар

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

12 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Дат, тақсыр! Құрылтайда тіркеуден шеттелген журналистке Журналистер одағы араша түсті

8 октября, 2026
Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

7 октября, 2026
14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

6 октября, 2026
Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

5 октября, 2026
Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

2 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.