• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент қорғаныс министрін ауыстырып, Каспийдегі оқиғаны «қылмыс» деп атады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27.09.2026
Президент қорғаныс министрін ауыстырып, Каспийдегі оқиғаны «қылмыс» деп атады

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

Share on FacebookShare on Twitter

27 қыркүйек, жексенбі күні президент жарлығымен Дәурен Қосанов қорғаныс министрі қызметінен босатылып, орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды. Соңынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді.

45 жастағы жаңа министр бұдан алдын арнайы операция күштерінің қолбасшысы болған. Қарулы күштер әскери академиясының 2002 жылғы түлегі. Взвод командирінен бастап, кейін мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығы болған. Шені — генерал-майор.

Осы тағайындаудан кейін президент — жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. «Мен қаза болған әрбір әскери қызметшінің ата-анасына көңіл айтып, арнайы жеделхатымды жолдадым. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Олардың ешқайсысы қолдаусыз, көмексіз қалмайды», — деген президент.

Президенттің айтуынша, бейбіт күнде сарбаздардың өмірін жалмаған бұл қайғылы жағдайға бірінші кезекте офицерлердің, соның ішінде генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды. Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаның мән-жайын ғана емес, мұндай оқу-жаттығуды жоспарлауға не түрткі болғанын және қойылған міндеттің қазіргі қауіп-қатерлерге қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етті.

«Қарулы күштер басшылығы қордаланған түйткілдерді жылдар бойы шеше алмай келеді. Бұл еліміздің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіреді. Өткен қайғылы оқиғалардан сабақ алмадыңыздар. Аталған оқу-жаттығу жиынының мәні де, мақсаты да түсініксіз. Оны кім әзірлеп, бекітті? Бас штабтың рөлі қандай? Үйлестіру жұмыстарына неге мән бермеген? Неліктен оқу-жаттығу жиынында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болмаған? Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық белең алған. Жүйелі жұмыс жоқ. Дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл жоспары сын көтермейді. Мұның бәрі – әскери ведомство басшылығының немқұрайдылығының салдары», — деген кеңесте президент.

Президент Каспийдегі оқиғаға «қылмыс» деген баға беріп отыр.

«Ашығын айтуымыз керек, бейбіт күнде 14 сарбаздың өмірін жалмаған бұл қайғылы жағдайды «қылмыс» деп айтуымыз керек», — деген аталған кеңесте. Президент оқу-жаттығу жиынына қатысқан сарбаздар тиісті жабдықтармен, соның ішінде арнайы құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмегенін айтқан.

26 қыркүйекте қорғаны министрлігін кешенді түрде тергейтін комиссия құрылған. Комисссияның министрліктегі «істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатын» көздейтіні жарияланды.

23 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы әскери жаттығу кезінде Каспий теңізіне ағып кеткен 17 сарбаздың 14-і қаза тапты. Әуелде 19 адамның ағып кеткені, оның 9-ы қаза тапқаны хабарланған. Соңынан ағып кеткендер саны 17 деп түзетіліп, қаза болғандардың мәйіті табылып құрбандар саны ұлғайды. Үшеуі аман. 25 қыркүйекті президент жалпыұлттық аза тұту күнін жариялаған.

Tags: 14 сарбазАйдос МырзахметовДәурен Қосановжаңа министржаттығуКаспийқылмыс
Келесі
Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

"Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек". Жаңа кадр алғашқы жиынында өзгеріс неден басталарын айтты

Соңғы жазбалар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

15 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.