• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

«Дәнекер азамат». Халық кеңесі төрағасы болып президент баламасыз ұсынған кандидат сайланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.09.2026
«Дәнекер азамат». Халық кеңесі төрағасы болып президент баламасыз ұсынған кандидат сайланды
Share on FacebookShare on Twitter

Мерзімінен бұрын тарқаған мәжіліс төрағасы болған және тараған Amanat партиясын басқарған 64 жастағы Ерлан Қошанов 23 қыркүйекте Қазақстан халық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Бұл шешім жаңа конституциялық органның бүгін ашылған бірінші сессиясында қабылданды. Халық кеңесінің мүшелері жасырын дауыс берді.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын баламасыз ұсынған — президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Халық кеңесінің жиынын ашқанда президент осы орган мүшелеріне қарата: «Кеңес төрағасының кандидатурасы бойынша өздеріңізбен ақылдасу қажет. Бұл — конституциялық мәртебесі бар, беделді лауазым. Сондықтан бұл лауазымға елге белгілі, халық пен биліктің арасында дәнекер болатын азамат келуге тиіс деп санаймын. Осының барлығын ескере отырып, мен Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын»,- деген.

Президент өзі ұсынған кандидаттың «жауапкершілігі жоғары, білікті, тәжірибесі мол тұлға» екенін атаған. Ел басшысының айтуынша, Ерлан Қошанов мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етіп, бұл жұмысты абыроймен атқарған. Мәжіліс төрағасы ретінде ауқымды реформаларды іске асыруға да белсене ат салысқан.

Конституциялық заңға сәйкес, төраға кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Оның өкілеттік мерзімі — 4 жыл. Бір адам бұл лауазымды қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды. Төраға кеңес жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның сессияларын шақырады, күн тәртібін ұсынады, сессия мен төралқа отырыстарына төрағалық етеді және регламентті бекітеді. Кеңес төрағасы орган мүшелерінің арасынан өз орынбасарларын тағайындайды. Олар ротация принципі бойынша 2 жыл қызмет етеді.

Қарағанды политехникалық институтын және халық шаруашылығы академиясы жанындағы жоғары коммерциялық мектепті бітірген Ерлан Қошановтың мамандығы – инженер-механик және экономист. Әр жылдары үкімет аппаратында және президент әкімшілігінде қызмет атқарған ол көлік және коммуникация вице-министрі болды, азаматтық авиация комитетін басқарды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін премьер-министр кеңсесін басқарды. 2017–2019 жылдары Қарағанды облысының әкімі болды. 2019 жылдың қыркүйегінде Қошанов президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2022 жылы «Қаңтар оқиғасынан» кейін парламент мәжілісін басқарды. Бұған қоса Amanat партиясының төрағасы қызметін атқарды.

Tags: AMANATЕрлан Қошановконституциялық органсессия

Соңғы жазбалар

«Дәнекер азамат». Халық кеңесі төрағасы болып президент баламасыз ұсынған кандидат сайланды

«Дәнекер азамат». Халық кеңесі төрағасы болып президент баламасыз ұсынған кандидат сайланды

23 сентября, 2026
Ассамблея мен ұлттық құрылтайдың жұртындағы халық кеңесінің құрамы бекіді, жиыны жарияланды

Ассамблея мен ұлттық құрылтайдың жұртындағы халық кеңесінің құрамы бекіді, жиыны жарияланды

22 сентября, 2026
Қазақстан Ресейге әскери техника мен қосын жібереді. Жаттығу үшін

Қазақстан Ресейге әскери техника мен қосын жібереді. Жаттығу үшін

21 сентября, 2026
Ел басшысы елдегі нашар жолдан «саботаж» тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан «саботаж» тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.