• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ассамблея мен ұлттық құрылтайдың жұртындағы халық кеңесінің құрамы бекіді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
22.09.2026
Ассамблея мен ұлттық құрылтайдың жұртындағы халық кеңесінің құрамы бекіді
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық кеңесінің құрамын бекіткен жарлыққа және оның бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ресми мәліметке қарағанда, 126 адамнан тұратын халық кеңесі құрамы бекіп, оның алғашқы жиыны 23-24 қыркүйек күндері ел астанасында өтеді.

126 адамдық халық кеңесінің құрамында назар аудартатын мынандай тұлғалар байқалған. Мүшелер арасында бұған дейін мәжіліс және сенат депутат болған Мұрат Әбенов, Ермұрат Бапи, Аманжол Әлтай, Еділ Жаңбыршин, Нұртөре Жүсіп, Нұртай Сабильянов, Геннадий Шиповских бар. Және ірі бизнесмендер Гаджи Гаджиев, Геннадий Зенченко, Андрей Лаврентьев, Шахмұрат Мүтәліп, Жұмабек Жанықұлов та халық кеңесіне енді. Бұдан өзге мүешелердің ішінде мынандай тұлғалар да назар аудартады.

Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» басшысы
Бауыржан Омаров, жазушы, Қазақстан президентінің кеңесшісі
Ерқанат Көпжасарұлы, «Қазақстан» телеарнасының журналисі
Алмас Алтай, билік саясатын қолдайтын блогер
Рауан Кенжеханұлы, «Әділет» партиясының саяси бюросының мүшесі
Ислам Байрамуков, грек-рим күресінен Сидней-2000 олимпиадасының күміс жүлдегері
Әлия Юсупова, көркем гимнастикадан Азия ойындарының чемпионы, жаттықтырушы
Юрий Мельниченко, грек-рим күресінен Атланта-1996 олимпиадасының күміс жүлдегері
Роза Мұқанова, жазушы, драматург
Мерей Қарт, ақын
Ольга Спирина, тележүргізуші

Президент Тоқаев биылғы жазда халық кеңесін билік пен халық арасында диалог орнататын консультативті орган ретінде құрған. Жаңа Конституцияда бұл нысан «халық мүддесін білдіретін жоғарғы орган» ретінде аталған. Кеңестің барлық 126 мүшесін президент тағайындайды. Халық кеңесі мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді, заң жобаларын ұсынып, референдум тағайындау туралы бастама көтере алады.

Қаржы министрлігі халық кеңесінің жұмысына жылына 1,7 млрд теңге бөлінетінін, мүшелеріне жалақы берілетінін айтқан.

Әзірге кеңестің хатшылығы мен төралқа мүшелері туралы жарияланған жоқ.

Қазақстан халық ассамблеясы мен ұлттық құрылтай орнына халық кеңесін құруды президент ұсынған. Ол биыл ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткен соңғы жиынында осы туралы жариялаған.

Tags: Жаңа КонституцияТоқаевхалық ассамблеясыхалық кеңесі
Келесі
«Дәнекер азамат». Халық кеңесі төрағасы болып президент баламасыз ұсынған кандидат сайланды

"Дәнекер азамат". Халық кеңесі төрағасы болып президент баламасыз ұсынған кандидат сайланды

Соңғы жазбалар

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

12 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Дат, тақсыр! Құрылтайда тіркеуден шеттелген журналистке Журналистер одағы араша түсті

8 октября, 2026
Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

7 октября, 2026
14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

6 октября, 2026
Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

5 октября, 2026
Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

2 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.