• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18.09.2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады
Share on FacebookShare on Twitter

18 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот төрағасын, орталық сайлау комиссиясы басшысын және жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасын қайта тағайындады.

Конституциялық сот төраға мен он судьядан тұрады. Олардың өкілеттік мерзімі – сегіз жыл.

Президент жарлығына сәйкес Эльвира Әзімова Конституциялық сот төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол алғаш рет ол осы қызметке 2023 жылғы қаңтарда келген. Бұған дейін 2019 жылғы қыркүйектен бастап адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды, ал одан ертерек – 2013 жылғы қазаннан бастап әділет министрінің орынбасары болды.

Кезекті жарлыққа сай Нұрлан Әбдіров те орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Әбдіров бұл қызметті 2022 жылғы қаңтардан бері басқарып келеді, бұған дейін 2020 жылғы қыркүйектен бастап ол сенаттың вице-спикері болған. Одан бұрын мәжіліс депутаты еді.

Президенттің тағы бір жарлығы бойынша Әлихан Смайылов жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болып қайта тағайындалды. Смайылов палатаны 2024 жылғы сәуір айынан басқарады. Оған дейін 2022 жылғы қаңтардан бастап ол премьер-министр болған, ал одан бұрын – 2020 жылғы мамырдан бастап бірінші вице-премьер лауазымын атқарған.

Қазақстанның биылғы қабылданған Конституциясы бойынша Конституциялық сот төрағасы мен он судьялары, орталық сайлау комиссиясының, жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.

Негізгі заң бойынша Конституциялық соты – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында ел Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.

Конституциялық сот, жоғарғы сот және өзге де соттары төрағалары мен судьяларының, орталық сайлау комиссиясы, жоғары аудиторлық палатасы төрағалары мен мүшелерінің, құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге не сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.

Tags: АзимоваӘлихан СмайыловЖАПКонституциялық сотНұркен ӘбдіровОСКЭльвира Әзімова
Келесі
Ел басшысы елдегі нашар жолдан «саботаж» тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан "саботаж" тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.