• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16.09.2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

фото: Aqorda

Share on FacebookShare on Twitter

Құрылтай жанынан қоғамдық палата құру мақұлданды. Бұл туралы 16 қыркүйекте парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрылтай отырысында бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы құрылтайының жанынан қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды. Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер және өңірлер өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс. Оның құрамына 50 адам енгізу көзделіп отыр», — делінген ресми хабарламада.

Палатаның негізгі міндеттерінің бірі заң жобаларын «нөлдік оқылым» сатысында қоғамдық және сараптамалық зерделеу екені айтылған.

«Бұл заң жобаларын әзірлеу кезеңінде кәсіби ұсынымдарды, балама ұстанымдар мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік береді. Қоғамдық палата алаңында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері де талқыланады. Алдағы уақытта құрылтай бюросы қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындауға және басшылық лауазымдарға тағайындау жүргізуге тиіс», — делінген хабарламада.

Қазақстанда қос палаталы парламент тараған соң бір палаталы парламент — құрылтай сайланған. Алда халық кеңесін құру көзделген. Ал құрылтай қанатының астынан құрылмақ қоғамдық палата туралы бұрын айтылмаған.

Tags: қоғамдық палатақұрқылтайқұрылтай
Келесі
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

Соңғы жазбалар

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

12 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Дат, тақсыр! Құрылтайда тіркеуден шеттелген журналистке Журналистер одағы араша түсті

8 октября, 2026
Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

7 октября, 2026
14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

6 октября, 2026
Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

5 октября, 2026
Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

2 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.