• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.09.2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды
Share on FacebookShare on Twitter

15 қыркүйекте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлап жүрген шетелдіктерге ескерту жасаған.

Министрліктің мәліметінше, елде құжат рәсімдеуге көмектесемін деп ақша сұрайтын делдалдар пайда болған. Олардың уәдесіне сенуге болмайтынын ескерткен ведомство төмендегі жайға назар аудартады.

«Көші-қон комитетіне ақылы түрде құжаттарды рәсімдеу процесін жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне ықпал етуге уәде беретін делдалдарға қатысты өтініштер түсіп жатыр. Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл саладағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу мен құжаттарды қарау нәтижелерін ақы төлеу арқылы өзгерту мүмкін емес», — деп атап өткен министрлік.

Ведомство өкілдері белгісіз делдалдарға ақша бермеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.

Қазақстанда тарихи атамекеніне оралған қазақтар ресми түрде қандас мәртебесіне ие болу үшін я осы елде тұрақты тұруға рұқсат беретін ықтиярхат алғысы келген шетелдіктер қазақ тілінен онлайн тест тапсыруы шарт.

Көші-қон әлеуетін бағалау кезеңдерінің бірі саналатын бұл тест екі бөлімнен – тыңдау және оқудан тұрады. Үміткер бір сағат он минутте 60 сұраққа жауап беріп, тіл сынағын сәтті тапсыру үшін әр бөлімнен кемінде 70 пайыз балл алуы қажет.

Министрлік бұл сұрақтар сынақ тапсыратын адамнан тілді терең білуін талап ету үшін емес, күнделікті жағдайда қазақ тілінде сөйлесіп, мәтіндерді түсіне алатын деңгейін тексеруге арналған дейді.

Егер үміткер қажетті шамада балл жинай алмаса, оған алдыңғы әрекетінен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде тағы екі рет (одан көп емес) қайта тест тапсыруына мұрсат беріледі. Әрбір жаңа талпыныс үшін бөлек ақы алынады. Министрлік тест «қиын емес» екенін айтып отыр.

Бұл тест биыл ақпан айында шетелдіктерге ықтиярхат берудің және тарихи отанына оралған қазақтарға қандас мәртебесін берудің тәртібін өзгерткен пилоттық жобаға енгізілген. Тілді біліміне қоса миграциялық әлеуетті бағалау кезінде үміткердің білімі, жұмыс тәжірибесі және отбасы құрамы да ескеріледі.

Мамыр айында сол кездегі парламент депутаты Қазыбек Иса мәжілістің  отырысында қандастардан қазақ тілінен емтихан тапсыруды талап ету заңсыздық екенін айтып, дабыл қаққан.

Tags: делдалқандастест
Келесі
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

Соңғы жазбалар

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

12 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Дат, тақсыр! Құрылтайда тіркеуден шеттелген журналистке Журналистер одағы араша түсті

8 октября, 2026
Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

Каспийдегі қасірет құрылтайдағы депутатты қорғаныс министрлігіне әкелді

7 октября, 2026
14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

14 теңізшінің қазасы. Каспийдегі әскери жаттығуға қатыспаған қолбасшы қамалды

6 октября, 2026
Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

Каспийдегі қазадан 10 күн өткенде. Тексеру комиссиясы Ақордада бас қосты

5 октября, 2026
Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

Плагиаттық дауы. Президенттің депутат жиені туралы мақала «қолды болды»

2 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.