• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін қуаттамаған Иранда Каспий саммиті өтеді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.08.2026
5 жылда 58 жан мерт болды. Каспийдің Маңғыстау жағалауындағы адам шығыны 
Share on FacebookShare on Twitter

23 қыркүйекте Тегеранда Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен конференция өтеді.

Бұл туралы Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади хабарлады.

«Жағалау маңындағы елдер өкілдерінің Тегеранда келуі өзара мүдделі мәселелерді талқылау, екіжақты және көпжақты байланыстарды нығайту, пікір алмасу және болашақта сындарлы өзара іс-қимылдың негізін қалау үшін тамаша мүмкіндік бола алады. Біз бұл қатысуды Каспий дипломатиясын нығайту үшін пайдалануымыз керек», — деген ол.

Бұдан алдын Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар аталмыш жиынның Тегеран конвенциясының 20 жылдығымен тұспа-тұс келетінін хабарлаған болатын. Жиында Каспий теңізінің экологиялық жағдайы талқыланбақ. Сарапшылар теңіз деңгейінің төмендеуі жалғасып жатқанын және ғасырдың соңына дейін 8-21 метрге төмендеуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл қоршаған ортаға, балық шаруашылығына және жағалау инфрақұрылымына қауіп төндіреді.

Биыл қол қойылғанына 20 жыл толған Тегеран конвенциясы аймақтағы негізгі халықаралық келісімнің бірі ретінде аталады.

Каспий теңізі — бірегей, жабық экожүйе. Оның биологиялық түрлерінің жартысына жуығы әлемнің басқа ешбір жерінде кездеспейді. Мұнда 100-ден астам балық түрі мекендейді, оның ішінде бағалы бекіре балықтары, сондай-ақ Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін Каспий итбалығы да бар.

Каспий маңы елдерінің Тегерандағы саммиті қарсаңында Иран 2018 жылы қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациядан өткізуі мүмкін. Жағалаудағы басқа елдер бұл конвенцияны ратификациядан өткізіп, қуаттап қойған. Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан Каспий теңізімен шектеседі. 12 тамыз Каспий теңізінің халықаралық күні ретінде бекітілген.

Tags: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіконвенцияратификацияТегеран конвенциясы
Келесі
Сайлауға 10 күн қалғанда. Президент ОСК төрағасын қабылдай қалды

Сайлауға 10 күн қалғанда. Президент ОСК төрағасын қабылдай қалды

Соңғы жазбалар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

15 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.