• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.08.2026
Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?
Share on FacebookShare on Twitter

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) енгізген уақытша шектеулерге байланысты Қазақстан мұнай экспортының қосалқы бағыттарын қарастырып жатыр. Бұл туралы энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікбаева хабарлаған.

Ресми өкілдің айтуынша, шілдеде КҚК мұнай қабылдауды уақытша шектегендіктен, шикізаттың бір бөлігін басқа бағыттарға бұруға тура келген. «Мұнай көлемінің бір бөлігі басқа тасымалдау бағыттарына, атап айтқанда Ақтау порты, Атасу – Алашанькоу бағыты, сондай-ақ Атырау – Самара бағыты бойынша қайта бағытталды», — дейді Әсел Серікбаева.

Министрлік Қазақстан экспортының қосымша нұсқаларын да зерделеп жатқаны айтылады. Сондайда Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыр желісі, Каспий теңізі арқылы Баку – Супса бағыты да қарастырылып отыр. Қазақ мұнайының бір бөлігі қазірдің өзінде Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданып жатыр. Жеткізілім көлемі жылына шамамен 1,2 миллион тонна болады деп шамаланады.

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, Әзербайжан аталған бағыт бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау көлемін жылына 2,2 миллион тоннаға дейін арттыруға дайындығын білдірген.

Былтырғы желтоқсанда Қазақстан Каспий құбыр консорциумындағы шектеулер кезеңінде 300 мың тоннаға жуық мұнайды басқа бағытқа бұрған болатын. Мұнай экспорттық бағыттар бойынша: Германия, Қытай, Баку – Тбилиси —  Жейхан желісіне, сондай-ақ Новороссийск және Усть-Луга айлақтары арқылы әрі қарай жеткізу үшін ҚТО жүйесіне бағытталған.

Соңғы кездері Ресейдің Украинаға басқыншылығы салдарынан Киев дрондарының КҚК-ға шабуылы жиілеп кеткен. Қазақ мұнайының 80 пайызы осы желімен тасымалданатыны белгілі. Қазақстан шабуылдарды айыптағанымен, әзірге қатаң шараларға барған жоқ.

Tags: АлашанькоуБакуКаспий құбыр консорциумыҚазақ мұнайыНовороссийскСупсаТбилиси
Келесі
«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді

Украина КҚК-дағы қазақ мұнайы экспорты инфрақұрылымына шабуылдамауға келісті

Соңғы жазбалар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

15 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.