• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа Конституция күшіне енерде Қарин де жаңа қызметке тағайындалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30.06.2026
Жаңа Конституция күшіне енерде Қарин де жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Ақорда

Share on FacebookShare on Twitter

30 маусымда бұған дейін мемлекеттік кеңесші қызметін атқарған Ерлан Қарин президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Осыған орай қол қойылған президент жарлығында оның бұрынғы атқарған лауазымынан босатылғаны айтылған.

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенат пен мәжілістің бірлескен соңғы басқосуында сөйлеген сөзінен кейін белгілі болды. Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Онда мемлекеттік кеңесші қызметі көзделмеген, бірақ вице-президент қызметі енгізілген.

Ерлан Қарин 1976 жылы 26 мамырда Ақсу қаласында (Түркістан облысы) дүниеге келген. 1997 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіріп, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану кафедрасында аспирантураны бітірген. Ол «ҚР ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері» атты диссертациясы бойынша саясаттану ғылымдары бойынша PhD дәрежесіне ие.

Қарин тарих және география мұғалімі, Ақтөбе мемлекеттік университетінің саясаттану кафедрасында оқытушы, Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының қызметкері және Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2003 жылға дейін Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры болды.

2002 жылдан 2003 жылға дейін премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болды. Ол «Асар» Республикалық партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды және Терроризмге қарсы бағдарламалар орталығын басқарды.

Ал 2006 жылы Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

2008 жылдың ақпан айында Ерлан Қарин президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Кейінірек ол «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды.

2014 жылдың қазан айында президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры болды.

2017 жылдың 9 ақпанында «Қазақстан» телеарнасының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2019 жылдың 5 сәуірінде президенттің кеңесшісі болды.

2020 жылдың 30 шілдесінде президенттің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап мемлекеттік хатшы қызметін атқарды. Кейін бұл қызмет мемлекеттік кеңесші деп аталды.

Tags: Жаңа Конституцияжаңа қызметҚаринмемлекеттік кеңесшіПрезидент әкімшілігі
Келесі
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Парламентке айналған құрылтай депутаттарын сайлау күні жарияланды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.