• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қамалған белсендіні қолдаған мұнайшылар жұмысын бір сағатқа тоқтатты. Адвокат не дейді?

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.06.2026
Қамалған белсендіні қолдаған мұнайшылар жұмысын бір сағатқа тоқтатты. Адвокат не дейді?
Share on FacebookShare on Twitter

4 маусымда Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаздың” БЖБ мекемесінің жұмысшылары қамаудағы белсенді Мұратбай Жұмағалиевті қолдап, бір сағатқа жұмысты тоқтатты.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Желіде жариялаған видеода ондаған жұмысшының жиналып тұрғаны көрінеді. Ортада сөйлеп тұрған адам президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, белсендіге “әртүрлі құйтырқы әрекеттермен жалған айып тағылып” абақтыға қамалғанын айтады.

“Мұратбайдың осы күнге дейін жасап келген белсенділігі осы күнге дейін жасап келген әділдігі далада қалды деп ойлаймын. Бұл іс әркімнің басына келмейтіндігіне кім кепіл?!”- деген жұмысшылардың бірі көпшілік атынан белсендіні босатуды талап етті.

Сонда болған жұмысшылардың бірінің Азаттыққа айтуынша, видео 4 маусымда кешкі сағат 18.30 шамасында мекеме алдында түсірілген. Оның сөзінше, осыдан кейін қалалық прокурор мекемеге келіп, бірнеше жұмысшымен “әңгімелескен”.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы әзірге бұған қатысты түсініктеме бермеді.

Ал адвокат Айгүл Айжарықова 4 маусымда кешке қарай белсендіге кіріп шыққанын айтты.

“Тергеуден бас тарттық. Себебі ол өзін кінәлі санамайды. Сосын бізді сараптамамен таныстырды. Бір күн ішінде 108 грамм апиын табылған деп сараптама шығарып қойыпты,”- деді адвокат Айгүл Айжарықова.

3 маусымда Ақтауда белсенді Мұратбай Жұмағалиевтің ұсталғаны белгілі болған еді. Полицияның хабарлауынша, белсендіден “есірткі табылып, тәркіленген”.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қара киген арнайы жасақтың белсендіні ұстағаны көрінеді. Видеолардың бірінде белсендінің «қалтама салып жіберді мыналар. Подстава жасап жатыр» деген сөзі естіледі. Ал жанындағы адам «мен саған қолымды да тигізбедім» дейді.

Туыстары мен достары белсендінің ұсталуын оның қоғамдық мәселелерді ашық айтып жүргенімен байланыстырады.

Tags: Айгүл АйжарықоваАқтаубелсендіесірткіМұратбай Жұмағалиев
Келесі
Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.