• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевты «баяғы жартас» атаған Тоқаев «штрафстан» авторларын айыптады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
02.06.2026
Қонаевты «баяғы жартас» атаған Тоқаев «штрафстан» авторларын айыптады
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысында өндірістік және әлеуметтік нысанды аралап, Алатау қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Мәліметтерге қарағанда былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өскені айтылды. Президент облыс активімен кездесуде кемшіліктерді атап көрсеткен. Әсіресе, облыс орталығы Қонаев қаласын дамытуға қатысты жұмыстар Тоқаевтың көңілінен шықпағаны байқалады. Ауыл шаруашылығы саласына қатысты да сын айтылды.

«Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті.Бірақ, аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды,» — деген президент Тоқаев.

Президент аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев пен оның командасының жұмысын өткір сынаған.

«…Бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. «Баяғы жартас – сол жартас», қаланың келбеті өзгеріссіз күйде.Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет, — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Алматы облысына жұмыс сапары барысында өткен кеңесте Қазақстанды «Штрафстан» немесе «Айыппұлстан» деп атайтын азаматтарды да сынаған

Президенттің айтуынша, мұндай пікірлерді елге құрметсіздікпен қарайтын адамдар айтады. Ол олардың арасында, өкінішке қарай, парламент депутаттары да бар екенін атап өтті.

«Кейбір адамдар, өкінішке қарай олардың арасында парламент депутаттары да бар, елімізге деген сүйіспеншілігі аз болғандықтан немесе оған менсінбей қарайтындықтан құқықтық шараларымызды “Штрафстан” немесе “Айыппұлстан” деп атайды. Мұндай адамдар өз көзқарастарының тарлығын көрсете берсін. Ал біздің халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қажет. Сондықтан біз бұл бағыттан айнымаймыз және “Заң мен тәртіп” қағидатын табанды түрде жүзеге асыра береміз», — деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Tags: АлатауМарат СұлтанғазиевТоқаевштрафстан
Келесі
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Депутат көрінеу жалған ақпарат тарату айыбына іліккендерге рақымшылық жасауға шақырды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.