• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Сағынумен күн кешем мен ертеңді…» Ақын қазасынан соң қайда жерленетіні әртүрлі хабарланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
20.04.2026
«Сағынумен күн кешем мен ертеңді…» Ақын қазасынан соң қайда жерленетіні әртүрлі хабарланды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның халық жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 19 сәуірде Алматыдағы ауруханада 84 жасқа қараған шағында бақилық болды.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

1942 жылғы 2 шілдеде қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген Мұхтар Шаханов еңбек жолын тракторшы болып бастап, кейін Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Мұхтар Шаханов советтік Қазақстанда поэзия, проза және драматургия салаларында туындыларымен көпшілікке танылды, оның шығармалары 40-тан астам тілге аударылған.

Совет одағында билік басына Михаил Горбачев келуімен басталған өзгерістер кезінде Қазақстанда болған әйгілі Желтоқсан оқиғасынан кейін, сол кезде «Жалын» әдеби альманағын басқарған ақын Мұхтар Шаханов көпшілікке жаңа қырынан танылды.

1986 жылы желтоқсанда Мәскеудің Қазақ ССР-іне Ресейдің ішкі облысынан бейтаныс адамды әкеп республикаға басшы етіп тағайындауына келіспей, Алматыда бас көтерген қазақ студент және жұмысшы жастарының бейбіт наразылығын билік қатыгездікпен басып-жаншып, қудалауға салды. Жүзге жуық адам сотталды, олардың екеуі ату жазасына кесілді. Көптеген азамат оқудан шығарылып, жұмыстан қуылды.

Желтоқсан оқиғасының шындығын ашу жолында Мұхтар Шаханов шешуші рөл атқарды. 1989 жылы Совет одағы халық депутаттарының бірінші съезінде ол бұл мәселені алғаш рет одақ деңгейінде ашық көтеріп, «қазақ ұлтшылдығы» деген ресми бағаға қарсы шықты. Съездегі сөзінде Шаханов Алматыда бейбіт шеруге шыққан жастарды билік арнайы құралдар пайдаланып, әскери жасақтың күшімен басып-жаншығанын нақты деректермен келтірді.

Комиссия қорытындылары негізінде бұрын сотталған азаматтардың істері қайта қаралып, олардың көпшілігі ақталды. Сонымен қатар оқиғаға берілген саяси баға өзгертіліп, ол «ұлтшылдық әрекет» емес, демократиялық сипаттағы наразылық ретінде қарастырыла бастады.

Шаханов бұл процесте саяси қысымға қарамастан тарихи әділеттілікті қорғаған тұлға ретінде танылды. Оның бастамалары Желтоқсан құрбандарын ақтауға, қоғамдағы тарихи шындықты қалпына келтіруге және ұлттық сананың өсуіне елеулі ықпал етті, дейді зерттеушілер.

Мұхтар Шаханов совет билігі кезінде ұзақ уақыт бойы тыйым салынып келген Наурыз мейрамын қайта жаңғыртуға белсенді атсалысты. Советтік Қазақстанда бұл мереке араға алпыс жылдан астам уақыт салып, 1988 жылы ресми түрде қайта атап өтіле бастады.

Шаханов совет тұсында әбден ушығып, шегіне жеткен экологиялық мәселелерді де қозғады. Ол Арал теңізінің тартылуын «ғаламдық апат» деп атап, «Арал – Балқаш» халықаралық қоғамдық комитетін құруға бастамашы болды. Бұл ұйым арқылы Орталық Азиядағы экологиялық проблемалар халықаралық деңгейде көтерілді.

Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 1993–2003 жылдары Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Кейін Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болып сайланып, ұлттық мүдде, тіл және мәдениет мәселелерін белсенді түрде көтерді.

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өзі өсиет еткен жер – Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерленетін болды. Бұл туралы ақынның жиені Қайырхан Балғабеков мәлім етті. «Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленеді», — деп жазды ол. Мұның алдында Қазақстан Жазушылар одағы ақынның Алматыдағы Кеңсай қорымына жерленетінін хабарлаған.

Сағынумен күн кешем мен ертеңді,
Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді.
Көрсетпеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді, — деп жырлаған еді ақын өзінің «Мені неге Мұхтар қойған?» деген өлеңінде.

Tags: АрыстанбабМұхтарОтыраршаханов
Келесі
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Ресей қазақ мұнайын "Дружба" арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Соңғы жазбалар

Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін тәуелсіз БАҚ мүддесіне нұқсан келтірмеуге шақырды

Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдері билігін тәуелсіз БАҚ мүддесіне нұқсан келтірмеуге шақырды

12 мая, 2026
Көкшетаудағы өлімге соқтырған жол апаты. Бірден екі қылмыстық іс қозғалды

Көкшетаудағы өлімге соқтырған жол апаты. Бірден екі қылмыстық іс қозғалды

11 мая, 2026
Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

8 мая, 2026
Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

7 мая, 2026
Ел мақтаған әкімді Ақорда жақтаған. Премьердің бірінші орынбасары тағайындалды

Ел мақтаған әкімді Ақорда жақтаған. Премьердің бірінші орынбасары тағайындалды

6 мая, 2026
Роман Скляр туған күні тақағанда Ақордаға қызметке шақыртылды

Роман Скляр туған күні тақағанда Ақордаға қызметке шақыртылды

5 мая, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.