• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қазақ еліне +1 саяси партия ма? Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16.04.2026
Қазақ еліне +1 саяси партия ма? Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті
Share on FacebookShare on Twitter

Бастамашыл топ Қазақстанда «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатыны туралы мәлімдеме жасады.

15 сәуірде бастамашы топтың жиынынан кейін жаңа партия «прогрессивті реформаларды», «Әділетті Қазақстан» құру идеясын қолдайтынын», «заң үстемдігін нығайтып, шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысуын кеңейтуді көздейтінін» жариялап отыр. Партия мәлімдемесінде жаңа Конституция қағидаттары мен ел құндылықтары негізінде ел азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау негізгі мақсат пен міндет ретінде көрсетілген.

«Біз экономикасы мықты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта беделді Әділетті мемлекетті құру және нығайту үшін барлық жауапты азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді», — делінген мәлімдемеде.

«Әділет» атауын иемденген партия өзінің басым бағыттары ретінде мыналарды атаған: барша қазақстандықтар үшін тең мүмкіндік қамтамасыз ету және кландық, өңірлік айырмашылықтардың ықпалын азайту; тәуелсіз, тиімді және объективті құқық қорғау және сот жүйесі және экономикалық адалдық пен елдің тұрақты дамуы.

16 сәуірде бастамашыл топ Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жолдап, жақын арада құрылтай съезін өткізбек.

Бастамашыл топ құрамына «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, саясаттанушы Марат Шибұтов, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Гүлзира Атабаева, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, «Qazaqstan» РТРК тележүргізуші-журналисі Ирина Тен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысы Ләззат Шыңғысбаевалар байқалған. Бұған қоса «Аllur» және «Qarmet» тәрізді алпауыт компанияның басшысы Андрей Лаврентьев пен бизнестің басқа да салаларынан Айғазы Құсайынов және Ренат Бектұровтар да бастамашы топта болған.

«Әділет» атымен саяси партия бұрын да болғаны белгілі. 2004 жылы «Қазақстан демократиялық партиясы» ретінде құрылып, 2006 жылы атауын «Әділет» демократиялық партиясы деп өзгерткен ұйым парламент сайлауына түскенімен өте алмаған. 2013 жылы «Әділет» партиясы «Руханият» партиясымен жаңа «Бірлік» саяси партиясына біріккен. 2020 жылдың қарашасында партия атауын ADAL деп өзгерткен соң, 2021 жылғы мәжіліс сайлауына қатысып, 3,57 пайыз ғана дауыс жинап, тағы да парламентке өте алмаған. Ал Қаңтар оқиғасынан кейін, 2022 жылғы желтоқсанда ADAL биліктегі «Amanat» партиясына қосылып, дербес саяси ұйым ретінде қызметін доғарды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуірде ғалымдарды марапаттау кезінде тамыз айында жаңа Коснтитуция бойынша бір палаталы парламент Құрылтай сайлауы өтетінін жариялаған болатын. «Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек,»- деген президент Тоқаев Ақордада ғалымдармен кездесуінде.

Tags: allurАндрей Лаврентьевәділ сөзәділетДинара ЗәкиеваҚарлығаш ЖаманқұловаРауан Кенжеханұлы
Келесі
Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

Соңғы жазбалар

Белсендінің ұсталуы дау тудырды. Маңғыстау полициясы «көп мөлшердегі есірткі» жайында айтады

Белсендінің ұсталуы дау тудырды. Маңғыстау полициясы «көп мөлшердегі есірткі» жайында айтады

4 июня, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Депутат көрінеу жалған ақпарат тарату айыбына іліккендерге рақымшылық жасауға шақырды

4 июня, 2026
Қонаевты «баяғы жартас» атаған Тоқаев «штрафстан» жайына тоқталды

Қонаевты «баяғы жартас» атаған Тоқаев «штрафстан» жайына тоқталды

2 июня, 2026
Қазақстан Иран уранын сақтап бере алатынын ресми жариялады

Қазақстан Иран уранын сақтап бере алатынын ресми жариялады

1 июня, 2026
Аза күнінде президент үндеумен шектелгенде Еуропа елшілері құрбандар рухына тағзым етті

Аза күнінде президент үндеумен шектелгенде Еуропа елшілері құрбандар рухына тағзым етті

1 июня, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

“Теңізшевройл“ компаниясы нысаны іркіліске тап болды

30 мая, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.