• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ормуз – қысым құралы. Кіші Хаменеи көпке көрінбей алғашқы үндеуін жолдады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.03.2026
Ормуз – қысым құралы. Кіші Хаменеи көпке көрінбей алғашқы үндеуін жолдады
Share on FacebookShare on Twitter

Муджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі болып сайланғаннан кейін алғаш рет көпшілікке мәлімдеме жасады. Ол әскерді өңірдегі АҚШ базаларына соққыны жалғастыруға шақырды. Хаменеи аймақ елдеріндегі АҚШ базаларын жабуды талап етіп отыр.

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, Муджтаба Хаменеидің мәлімдемесі мемлекеттік телеарнаның эфирінен оқылған. Мәлімдеме мәтіні сонымен қатар жергілікті БАҚ-та да жарияланды. Камераның алдына кіші Хаменеи шыққан жоқ.

«Жауынгер бауырлар! Халық қорғануды талап етіп отыр. Ормуз бұғазы сияқты қысым көрсету құралын бұдан әрі де қолдана беру керек», — деді жаңа сайланған жетекші. Сондай-ақ ол Иранның сыртқы агрессияға берілмейтінін айтқан.

Бұған қоса Муджтаба Хаменеи өзінің әйелі қаза тапқанын, ал 28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің алғашқы әскери операциясы күні әпке-жездесінің және баласының мерт болғанын растады.

Кіші Хаменеи өзі сайланғаннан бері ел алдына шықпаған және бүгінге дейін мәлімдеме жасаған емес. Осыған дейін БАҚ өкілдері Иранның жаңа көшбасшысының Америка мен Израильдің жақында жасаған шабуылдарынан жарақат алғанын жазған. Иран сыртқы істер министрлігі жетекшінің жағдайы жақсы екенін және қауіпсіз жерде екенін айтып отыр.

Tags: АҚШИзраильИранМуджтабаүндеуХаменеи
Келесі
АҚШ-тың Иран соғысында алыс қашықтыққа ататын қаруын түгескені хабарланды

АҚШ-тың Иран соғысында алыс қашықтыққа ататын қаруын түгескені хабарланды

Соңғы жазбалар

Сот журналисті үйқамақтан абақтыға ауыстырды

Сот журналисті үйқамақтан абақтыға ауыстырды

15 июня, 2026
Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

14 июня, 2026
AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

13 июня, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

12 июня, 2026
Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

11 июня, 2026
Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

11 июня, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.