• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Иранның Әзербайжандағы зымыран шабуылы. Қазақстан қатаң айыптады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.03.2026
Иранның Әзербайжандағы зымыран шабуылы. Қазақстан қатаң айыптады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Әзербайжанның Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ресми ұстанымын білдірді.

Тоқаев «бауырлас әрі стратегиялық одақтас» атаған Әзербайжан еліне қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді. Сондайда Қазақстан тарапы аймақтағы тұрақтылық пен егемендік құндылықтарының сақталуын қолдайтыны айтылған.

Президент оқиғаның мән-жайын анықтауда халықаралық құқық нормаларын сақтау және тату көршілік қарым-қатынасты қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті.

5 наурызда Әзербайжанның Нахчыван қаласына Иран тарапынан бірнеше ұшқышсыз аппараттан әуе соққысы жасалған. Дрондардың бірі әуежай терминалына, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына түскен. Салдарынан әуелгі мәліметте екі адамның зардап шеккені айтылады.

Оқиғадан кейін Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Иранның осы елдегі елшісін шақырып, оған наразылық нотасын тапсырды.

5 наурызда Еуропа Одағы мен Парсы шығанағы ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің сыртқы істер министрлері шұғыл бас қосып, Иран соққыларын қатаң айыптап, Тегеранды шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырды. Иран соққысын қатаң айыптаған Әзербайжан президенті Илхам Әлиев болса, оны «опасыздық және жиіркенішті әрекет» деп атады.

Израиль мен АҚШ 28 ақпанда Иранға шабуыл бастағаннан бері Тегеран Американың аймақтағы базаларын зымыранмен атқылай бастаған. Сондайда Иран басшылары бұл әрекеттің база орналасқан елдерге бағытталмағанын бірнеше мәрте еске салған.

Tags: ӘзербайжанИранНахчыванТаяу Шығыс
Келесі
Ахеменидтер елі Хаменеилер еліне айналды. Иранда жаңа жетекшінің аты-жөні жарияланды

Ахеменидтер елі Хаменеилер еліне айналды. Иранда жаңа жетекшінің аты-жөні жарияланды

Соңғы жазбалар

Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Сайлаудағы сауалнама бойынша алдын-ала нәтиже жарияланды. Кімнің аты озуы мүмкін?

24 августа, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

24 августа, 2026
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сайлауға санаулы күн қалғанда. Азаттықтың желідегі парақшасы бұғатталды

21 августа, 2026
Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

Ішкі істен шеттетілген Назарбаев сыртқы саясаттан да аластатылды

19 августа, 2026
Сайлау қарсаңында. 8 жылға бостандығынан айрылған журналист 5 жылға журналистикадан шеттетілді

Сайлау қарсаңында. 8 жылға бостандығынан айрылған журналист 5 жылға журналистикадан шеттетілді

18 августа, 2026
«Ресей басқыншылығын қолдағаны үшін». Головкин де украиналық «Миротворец» тізіміне енгізілді

«Ресей басқыншылығын қолдағаны үшін». Головкин де украиналық «Миротворец» тізіміне енгізілді

17 августа, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.