• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Конституция жобасын сынаған адам 15 тәулікке қамалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.02.2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Астана тұрғыны Қантемір Алмышев 15 тәулікке қамалды. Азаттықтың хабарлауынша, ол Threads желісінде биліктің әрекеті мен ұсынылған Конституцияға түзетулерді сынаған. Алмышевтің қамалғанын әйелі айтқан.

Сот шешімінде Алмышев биыл «9 ақпанда Threads желісінде балағат сөз айтып, пост жариялағаны, осылайша айналасындағыларға құрмет көрсетпегені және қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны жазылған». Оған 434-бап 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бабы бойынша айып тағылған.

Бұған қоса шешімде оның «тағылған айыппен келіскені және өкінгені» жазылған. Жауапкер жазбаны «қатты эмоцияға беріліп тұрған кезде жазғанын» айтқан-мыс.

«Себебі ол әзілкеш Нұрлан Сабыров өзге мемлекет аумағындағы әскери қимылды демегенін, яғни жалдамалылықпен айналысқанын әлеуметтік желіден білген. Көп ойланбастан балағат сөзі бар жазба жариялап, оған видеосын тіркеген» деп жазылған сот шешімінде.

The village-дың жазуынша, Алмышев қамалмай тұрып, бірнеше күн бойы референдум және «суперпрезиденттік» басқару моделіне оралу ықтималдығы туралы жазып сынаған. Ол болып жатқан оқиғаларды СССР-дың соңғы кезеңіндегі жағдаймен салыстырып, «биліктің таптық жүйесі» туралы жазған, жаңа Конституцияға қарсы дауыс беруге үндеген.

Тағы бір жазбасында Алмышев бұл «ықтимал экономикалық және қаржылық дағдарыс алдындағы сақтану» амалы деп, биліктің шоғырлануына қатысты қауіп айтқан.

Қазақстанда Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.

Ақорда конституциялық түзетулерді «жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту» қажеттілігі ретінде түсіндіреді. Ресми Астана бұл түзетуді екі палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшудің бөлігі ретінде мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталған қадам ретінде ұсынады.

Жоба мәтінімен танысқан заңгерлер мен құқық қорғаушылардың айтуынша, жоба президенттің билігін күшейте түседі, биліктің заң шығарушы тармағының рөлін төмендетіп, азаматтардың құқығын шектейді.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылымына енетін Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы Конституция жобасы президент билігін күшейтеді деген пікірлерді жоққа шығарып, оларды «аңыз» деп атады.

Tags: 434конституцияҚантемір
Келесі
Референдум жайлы сұрағы үшін газет айыппұл арқалады

Референдум жайлы сұрағы үшін газет айыппұл арқалады

Соңғы жазбалар

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

13 июля, 2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

Amanat депутаттарының заңдылығын тексеруге арызданған журналистке Конституциялық соттан жауап келді

12 июля, 2026
Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Қазақ еліне +186 кандидат. Жаңа партия 145 орындық парламентке ұсынған үміткерлерімен үркітті

10 июля, 2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Жасылдардың жанжалы. «Байтақ» партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

9 июля, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

Министрлік Ресейге шабуылдың қазақ жерінен жасалу мүмкіндігін жоққа шығарды

8 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.