• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Референдум жайлы сұрағы үшін газет айыппұл арқалады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24.02.2026
Референдум жайлы сұрағы үшін газет айыппұл арқалады
Share on FacebookShare on Twitter

Орал қалалық соты «Уральская неделя» газетіне «Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу талаптарын бұзғаны» үшін 129 750 теңге көлемінде айыппұл салды.

Азаттық радиосының хабарлауынша, іс материалдарында Қазақстан президенті референдум 15 наурызға белгіленетінін жариялаған күні басылымның Telegram-арнасында жарияланған жазбаның соңында «Референдумға барасыз ба?» деген сұрақ берілгені айтылған. Сол күні кешке бас редактор Тамара Еслямованың үйіне екі прокурор мен бір полиция қызметкері барған. Кейін оны Батыс Қазақстан облысы прокуратурасына шақыртып, соңынан істі әкімшілік сот қараған.

Басылымның мүддесін қорғаған MediaQoldau заң қызметі сот шешіміне келіспейтіні жайлы апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, осындай жағдайлардың қайталануына байланысты ұйым Конституциялық сотқа жүгінбекші.

2024 жылғы қазан айында да Тамара Еслямоваға атом электр станциясын салу жөніндегі референдум қарсаңында қоғамдық пікір сауалнамасын өткізу тәртібін бұзды деп айыппұл салынған. Еслямова тағылған айыпты жоққа шығарған.

Қазақстанның «Сайлау туралы» конституциялық заңында «қоғамдық пікірге сауалнаманы кемінде бес жылдық тәжірибесі бар, тіркелген заңды тұлғалар жүргізе алады және бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар етуге тиіс» деп жазылған.

«Алайда әлеуметтік желі сторисіндегі сұрақтарды немесе көшедегі тұрғындардан алынған пікірлерді қоғамдық пікір сауалнамасына теңестіріп бұл талаптарды журналистерге қолдану дұрыс емес. Журналист жұмысының ерекшелігі мен табиғатын ескерсек, мұндай жанрлар сауалнама бола алмайды», – деп есептейді «Құқықтық медиа орталық» қоры өкілдері.

Өткен аптада Алматы қаласының әкімшілік соты Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызына да референдум тақырыбында «қоғамдық сауалнама өткізді» деп айыппұл салған. Журналисті әлеуметтік желідегі жеке парақшасына Конституция жобасы туралы референдумға байланысты «Референдумға барасыз ба?» деген сұрақ жариялағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Келесі
Shymbulak және Еуразия курорттары Жасыл хартия қабылдады

Shymbulak және Еуразия курорттары Жасыл хартия қабылдады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.