• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Трамп Украинада сайлау өткізуді айтты. Зеленскийдің жеңерін жоққа шығармады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.12.2025
Зеленский атысты 30 күнге тоқтатуды ұсынып, Путинді айыптады
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ президенті Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында Украинада президент сайлауын өткізу қажет деп мәлімдеді.

«Оларда сайлау өтпегеніне көп болды», – деген Трамп. Бұған қоса ол: «Олар демократия туралы айтады, бірақ жағдайдың беталысы енді демократия болмайтын жаққа қарай ойысып барады», – деген.

АҚШ президенті сайлау өткізілген жағдайда Владимир Зеленский қайтадан жеңіске жетуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Бұған дейінгі мәлімдемесінде Трамп Украинада сайлау өткізуге үндеп, тіпті сол елдің қазіргі президенті Владимир Зеленскийді «диктатор» деп атаған. Кейін ол бұл пікірін қайталап айтқан жоқ.

2019 жылы Украина президенті лауазымына бес жылға сайланған Владимир Зеленскийдің өкілет мерзімі былтыр аяқталған. Алайда заңға сәйкес, жаңа сайлау өткенге дейін ол қызметінде қала бермек. Ал Ресей басқыншылығы басталған 2022 жылғы 24 ақпанда енгізілген әскери жағдай әлі күшінде болғандықтан елде жаңа сайлау өткізу мүмкін емес. Ресей президенті Владимир Путин Зеленский лауазымын «заңсыз» атқарып отыр деп бірнеше рет мәлімдеген.

Трамп Politico басылымына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату мақсатын көздеген АҚШ-тың араағайындығымен жүргізіліп жатқан бейбітшілік келіссөздеріне де тоқталды. Оның пікірінше, дәл қазір Ресейдің келіссөздердегі ұстанымы Украинадан күштірек екені «даусыз». Ол Еуропаның соғысқа қатысты «дәрменсіз» әрекетін сынға алып, Ресей аннексиялап алған Қырымды қайтаруға және НАТО-ға қосылуға ұмтылған Зеленскийді де сынады. Трамптың пікірінше, мұндай ұмтылыстар Ресейді басқыншылық жасауға итермелеген болуы мүмкін. Бұған қоса ол өзінен бұрынғы президент Джо Байденнің әкімшілігін тағы да сынға алды.

Axios және Politico басылымдары өз дереккөздеріне сүйеніп, кейінгі күндері АҚШ Украинаны Ресеймен бейбіт келісімге мүмкіндігінше тезірек келуге көндіру үшін тағы да қысымды күшейткенін жазған. Axios басылымының жазуынша, президент Трамптың өкілдері Джаред Кушнер мен Стивен Уиткофф жақында Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонмен сөйлескен кезде, АҚШ тарапынан президент Зеленскийді Донецк облысының аумағын тұтасымен Ресей бақылауына беруге келісуге көндіруге тырысқан – бұл Мәскеудің басты талабы. Зеленский бұған бір күн бұрын жанама түрде қарсылық білдіріп, жер мәселесі бойынша тараптар әзірге мәмілеге келмегенін айтқан.

«Әрине, Ресей бізден жер беруді талап етіп отыр. Біз ештеңе бергіміз келмейді – сол үшін күресіп жатырмыз», – деді Зеленский.

Келесі
Конституциялық сот президенттің ұсынысын заңға қайшы деп тапты

Конституциялық сот президенттің ұсынысын заңға қайшы деп тапты

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.