• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Марқұм ұшқыштар апаттан 6 жыл өткенде «кінәлі» болып шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
05.11.2025
Марқұм ұшқыштар апаттан 6 жыл өткенде «кінәлі» болып шықты
Share on FacebookShare on Twitter

5 қарашада Алматыда 2019 жылы болған Bek Air ұшағының апатына қатысты сот үкімі шықты. Сот марқұм ұшқыштар — Мейіржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаевты Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі (әуе көлігін басқару немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, әрекеттің абайсыздықтан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы) бойынша кінәлі таныды.

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, ұшқыштардың қаза табуына байланысты қылмыстық жаза тағайындалмаған.

«Тергеу барысында ұшқыштардың ұшу ережелерін он бір рет бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, олар ұшуға дейінгі тексеруді тиісінше жүргізбеген, қанаттағы мұз қатуын байқамаған және мұздануға қарсы өңдеу жүргізу туралы шешім қабылдамаған. Сонымен қатар ұшу кезінде ұшақтың көтерілу бұрышы мен бағытын сақтау талаптары бұзылған. Бұл жағдайда ұшуды тоқтату қажет еді. Аталған қателіктер мен әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқыштың әрекетсіздігі апатқа әкеліп соққан»,- делінген сот хабарламасында.

Сот жарыссөзінде прокурор Айдос Палманов ұшақ апатына әуе кемесін басқарған ұшқыштар кінәлі екенін жариялаған. Ал жәбірленуші тараптың адвокаты қаза тапқан ұшқыштарды ақтап, олардың орнына Алматы халықаралық әуежайы мен Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерін жауапқа тартуды сұраған.

Ал ұшқыштардың әйелдері тағылған айыпқа наразылық білдірген.

Сот барысында Bek Air әуе компаниясының мүлкіне шектеу қойды.

2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Астана қаласына ұшып шыққан Bek Air компаниясының ұшағы бір демде радардан жоғалып кеткен. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Ұшақ жерге құлаған соң сырғанап барып әуежай аумағына жақын тұстағы ауыл шетіндегі екі қабатты үйге соғылған. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін Bek Air әуе компаниясына тиесілі тоғыз Fokker-100 ұшағының қызметі тоқтатылған.

Келесі
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: "Тамыз бүлігі" кезінде Назарбаев не істеді?

Соңғы жазбалар

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
Бәтуа ма, бітім бе? Трамп пен Путин Украинаны талқылады

Трамп Путиннің атынан жауап берді – Ресей Украинамен мәмілеге бейіл

10 сентября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистердің ынтымақтастығы күні алдында. БАҚ-тың парламенттегі жұмысын шектейтін ереже жарияланды

9 сентября, 2026
Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

7 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

4 сентября, 2026
Құрылтай келісті деген үкімет тағы да қайта тағайындалуымен ерекшеленді

Құрылтай келісті деген үкімет тағы да қайта тағайындалуымен ерекшеленді

3 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.