• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматының әкімі ауысты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25.05.2025
Алматының әкімі ауысты
Share on FacebookShare on Twitter

Ерболат Досаев Қазақстан президентінің жарлығымен Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. 24 мамырда таңертең Ақорда сайтында тиісті жарлық жарияланды. Досаевтың қызметтен кету себебі нақты хабарланбады.

55 жастағы Ерболат Досаев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы әкімі болып тағайындалған еді.

Азаттықтың хабарлауынша, ол мемлекеттік қызметке 1990 жылдардың соңында келді. Үкімет пен қаржы секторында ірі лауазымды қызметтерді атқарды. Денсаулық сақтау, экономикалық даму, ұлттық экономика министрліктеріне жетекшілік етті. Әкім қызметіне тағайындалғанға дейін үш жыл ұлттық банктің төрағасы болды. 2006-2012 жылдары аралығында бизнеспен айналысқан. 2014 жылы қазақстандық Forbes журналы оны елдегі ең дәулетті 50 кәсіпкер қатарына енгізген.

Досаевтың аталған министрліктерді басқарған тұсында оңтүстікте 100-ден аса бала АИТВ-ға ұшырап, денсалуық сақтау саласы қатты сыналған. Кейін Досаевтың жерді аукционмен сату мәселесін көтеруі елеулі қарсылыққа тап болып, елдің әртүрлі аймақтарында «Жер митингісі» аталған наразылық шаралары өткен. Кейін наразылық талаптары орындалып, жер сатуға шектеу қойылған.

Репутациясы екіұдай Ерболат Досаевтың орнына Алматы әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды. 51 жастағы Дархан Сатыбалды бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болған.

Биыл қаңтарда Ақорда «президенттің тапсырмалары мен шешімдерінің ауыл-аймақтарда орындалу барысын бақылауды күшейту, қабылданған іс-шаралардың сапасын жақсарту әрі азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында» осындай қызмет (президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары) қайта енгізілгенін айтқан.

2025 жылдың қаңтарына дейін Дархан Сатыбалды 2022 жылдың тамызынан бері Түркістан облысын басқарған. 2022 жылы желтоқсанда бұл қызметке қайта тағайындалды.

Оған дейін 2019 жылдың наурызынан бері Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы болған, сенат депутаты болып сайланған.

Келесі
Ұн зауытында жарылыс болды. 1 адам қаза тапты, 3 адам ауыр халде жатыр

Ұн зауытында жарылыс болды. 1 адам қаза тапты, 3 адам ауыр халде жатыр

Соңғы жазбалар

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

13 июля, 2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

Amanat депутаттарының заңдылығын тексеруге арызданған журналистке Конституциялық соттан жауап келді

12 июля, 2026
Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Қазақ еліне +186 кандидат. Жаңа партия 145 орындық парламентке ұсынған үміткерлерімен үркітті

10 июля, 2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Жасылдардың жанжалы. «Байтақ» партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

9 июля, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

Министрлік Ресейге шабуылдың қазақ жерінен жасалу мүмкіндігін жоққа шығарды

8 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.