• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Айдос Садықовқа Киевтен топырақ бұйырды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
05.07.2024
Айдос Садықовқа Киевтен топырақ бұйырды
Share on FacebookShare on Twitter

5 шілдеде Киев облысы Чайки ауылында қазақстандық оппозициялық блогер, журналист, «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты жерледі. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Айдос Садықовты18 маусымда Киевтегі үйінің ауласында атып кеткен еді. Ол 2 шілдеде 56 жасына қараған шағында Киевтегі ауруханада көз жұмған. Қастандыққа байланысты Қазақстанның екі азаматы күдікке ілінді.

Жаназаға ондаған адам қатысты. Олардың қатарында Қырым татарлары ұлттық қозғалысының лидері Мұстафа Жемилев пен Қырым татары, саясаткер, қоғам қайраткері Рефат Чубаров бар. Бұған дейін журналист Наталья Садықова күйеуінің мұсылман зиратына жерленетінін айтқан.

Киевте жаназа оқылып жатқанда Ақтөбеде Садықовтың үзеңгілестері мен қоғам белсенділері оны еске алып, құран бағыштады. Жергілікті мейрамханалардың бірінде жайылған жүз кісілік дұға дастарханына 40 шақты адам жиналған.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Фархад Ғазиз Украинада қастандықтан көз жұмған Айдос Садықов отбасымен елге оралып, Қазақстанды көркейтуді армандады деді. Ол марқұммен «Азат» жалпы-ұлттық социал демократиялық партиясының Ақтөбе филиалында бірге істеген.

«Ешкім күтпеген нәрсе болды. Тап осылай болады деп ойламаған едік. Бұл не деген сұмдық? Тоқаевтың құрып жатқан «жаңа Қазақстанының» түрі осындай болса, не айтуға болатынын білмеймін. Үш баланың әкесінің өмірін қиды. Бірнеше күн өтті, бірақ есімізді жинай алар емеспіз», – деді Ғазиз. Ол Садықовтың өліміне күдіктілерді Украинаға беруді талап етті.

Айдос Садықовпен «Азат» партиясының Ақтөбе филиалында болған Әсия Абдуллина «арыстай азамат кетті, туған жерінен топырақ бұйырмағаны өкінішті» деді. Оның айтуынша, Ақтөбедегі еске алу шарасын белгісіз біреулер бақылап, суретке түсірген.

ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы мәселелері бойынша өкілі Тереза Рибейро 3 шілдеде X желісіндегі парақшасында Садықовтың қазасына қатысты пост жариялап, «БАҚ қызметкерлерін өлтіру – сөз бостандығына шабуыл. Әділдік орнауға тиіс» деп жазды.

Human Rights Watch (HRW) ұйымы Қазақстан билігін Садықовтың қазасын тергеуге қолдау көрсетуге шақырды.

2 шілдеде «Шекарасыз тілшілер» ұйымы да Украина мен Қазақстан билігін Садықовтың өліміне қатысы бар адамдарды тез тауып, жауапқа тартуға шақырған.

Айдос Садықовты 18 маусымда Киевтегі үйінің маңында атып кеткен. Басына оқ тиіп, ауыр жараланған белсендіге ота жасалды. 14 күн жансақтау бөлімінде жатқан Садықов 2 шілдеде көз жан тапсырды.

Украина бас прокуратурасы Садықовқа жасалған қастандыққа күдікті екеу – Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаевтың аты-жөнін жарияалады. Олар – Қазақстан азаматы. Күдіктілер қылмыс жасалған күні Украина аумағынан шығып кеткен. «Молдова: Актуально» телеграм-арнасы олардың 19 маусымда Молдова астанасы Кишиневтен Антальяға (Түркия) ұшып шыққанын жазды. Қазақстан билігі Жақанбаев елге оралып, өз еркімен берілді деп хабарлаған. Астана күдіктіні Киевке бермейтінін айтты. Қаратаевтың қазір қайда екені белгісіз.

Наталья Садықова күйеуінің қазасына Қазақстан билігін айыптап, қастандыққа Тоқаев биілігі кінәлі деген. Қастандық болған күні «Бәсе» арнасында «Қазақстан президенті Ресей ықпалындағы агенттердің қуыршағына айналды» деген видео жарияланған еді. Астана қастандықтың артында Қазақстан билігі тұр деген айыптауды жоққа шығарған.

21 маусымда Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Садықовқа жасалған қастандық бойынша тергеуді «жіті бақылап отыр» деп хабарлаған. Ол Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шара қабылдауды тапсырғанын айтқан.

Тоқаевтың өзі Садықовқа жасалған қастандыққа байланысты пікір білдіргенде «қоғамдағы барлық қарама-қайшылық пен келіспеушілікті тек құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет» деген еді.

Садықовтар Қазақстаннан кетіп, Украинадан босқын мәртебесін алған. Ерлі-зайыптылар Киевтен «Бәсе» YouTube-арнасын ашып, Қазақстан билігін ашық сынаған.

Келесі
Президент сайлауы. Иранда реформатор Пезешкиан жеңді

Президент сайлауы. Иранда реформатор Пезешкиан жеңді

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.