• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жер митингісі мен Қаңтар оқиғасын өткерген Нұрлан Ноғаев елші болып кетті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
20.06.2024
Жер митингісі мен Қаңтар оқиғасын өткерген Нұрлан Ноғаев елші болып кетті
Share on FacebookShare on Twitter

Бұрынғы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 20 маусымда Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі қызметіне тағайындалды.

Ол — Қазақстанның осы елмен шектесетін аймағын басқарған шенеунік. Нұрлан Ноғаев 2016 жылы Атырау облысын басқарып тұрғанда облыс орталығында белгілі жер митингісі оқиғасы болған. Бұл оқиға орталық биліктің жерді аукцион арқылы сату пиғылын жариялаған кезде соған қарсылық ретінде өрістеген. Шенеунік кейін 2022 жылы Маңғыстау облысын басқарып тұрғанда Қаңтар оқиғасы туындаған. Қаңтар оқиғасы әуелде Маңғыстауда Жаңаөзендегі қарсылық митингісінен басталғаны белгілі. 2021 жылдың соңында бір айдың ішінде бірнеше рет көтерілген газ бағасына қарсы көтерілген жаңаөзендіктер осы қаладағы орталық алаң мен облыс орталығы Ақтаудағы алаңға жиналған. Кейіннен оларды басқа да облыстарда қолдағандар митингіге шығып, оның соңы кем дегенде 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасына ұласқан болатын.

1967 жылы туған Нұрлан Ноғаевтың ресми БАҚ-та мынандай нұсқадағы өмірбаяны айтылған.

Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Халықаралық қатынастар университеті Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 ж. ж. — Мәскеу қаласындағы «Гили- Паскер» ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.

1995-1996 ж. ж. — Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 ж.ж — «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да инженер, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін — «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін — Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін- облыс әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан ҚР Энергетика министрі болып қызмет істеді.

2021 жылдың 7 қыркүйегінде Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған. 

2024 жылдың 16 мамырында Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. 

2010 жылы «Құрмет орденімен марапатталған.

Келесі
Айдос Садықовтың операциясы. «Самайына тиген оқ миын жанап өткен»

Айдос Садықовтың ісі. Киевте айтылған мәліметті Астана жоққа шығарды 

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.