• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Германия полициясы Айгүл Сайлыбаеваның өлімі туралы түсінік берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18.06.2024
Германия полициясы Айгүл Сайлыбаеваның өлімі туралы түсінік берді
Share on FacebookShare on Twitter

Германияның Оңтүстік Гессен полициясының бас басқармасы Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты сұраққа жауап берді. 

«16 маусым күні түстен кейін Эрлах көлінің маңында адам денесі табылғаннан кейін прокуратура мен полиция бұл 2024 жылғы 4 маусымда із-түзсіз жоғалған 40 жастағы әйелдің денесі деп болжап отыр», — деді Оңтүстік Гессен полициясының бас басқармасы. 

Осы уақытқа дейін жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде әйел зорлық-зомбылық құрбаны болғаны белгілі болған. 

Бірақ қылмысқа не себеп болғаны белгісіз. 

Кісі өлімін қосымша тергеу үшін Оңтүстік Гессен полициясының бас басқармасы комиссия жасақтаған. Тергеу амалдарына 35-тен астам шенеунік тартылды.

Адам денесі табылған аумақта қосымша іздестіру жұмыстары жүргізілмек. Тергеушілер қылмыс мәйіт табылған жерде жасалмаған деп болжап отыр. 

Тергеушілер кісі өлтіруді тергеумен қатар, із-түзсіз жоғалған Айгүлдің 49 жастағы қайын енесін іздеу амалдарын жалғастырып жатыр.

Екі әйелдің жоғалып кетуі мен кісі өлтіру арасындағы байланыстың қаншалықты ықтимал екені әзірге белгісіз және тергеліп жатыр.  

«Эрлахе» кісі өлтіру бөлімі халықтан ақпарат алу үшін жеке телефон желісін құрды: 06151/969 53200, азаматтар есімдерін атамай ақпарат беру үшін осы нөмірге хабарласа алады. Қазіргі уақытта тергеушілер 4 маусымнан бері қылмысқа қатысы болуы мүмкін куәгерлерді іздестіріп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан, әзірге осы баспасөз хабарламасынан басқа ақпарат беру мүмкін емес. Баспасөзбен жұмыс істеу Дармштадт прокуратурасының құзыретіне жатады», — дейді Оңтүстік Гессен полициясы.

Бұдан алды Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Германияда жоғалған Қазақстан азаматының туыстары Германияға жеткенін мәлім еткен. 

Бұрынғы судьяның жоғалғаны туралы оның ағасы Қанат Сайлыбаев хабарлаған. 

Келесі
ЕО-дан Астанаға ескерту. «Санкцияны айналып өтетін елге айналмаңыздар»

ЕО-дан Астанаға ескерту. "Санкцияны айналып өтетін елге айналмаңыздар"

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.