• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.06.2024
Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды
Share on FacebookShare on Twitter

Вашингтон Мәскеуге Ақ үй енгізген шектеулерді айналып өтуге көмектескен Ресейдегі және басқа елдердегі 300 жеке тұлға мен компанияға санкция салды. Бұл туралы АҚШ қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың арасында 2022 жылғы 13 мамырда Қазақстанның Петропавл қаласында тіркелген «КБР-Технология» фирмасы бар.

2024 жылы ақпанда ресейлік «Верстка» басылымы осы компанияның жұмысы туралы жазған. Зерттеуге сәйкес, «КБР-Технология» фирмасы ресейлік «ОСТЕК» компаниялар тобына санкцияға іліккен тауарларды жеткізуге қатысқан. «ОСТЕК» – Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенін радиокоммуникциялық жабдықтармен қамтамасыз ететін маңызды ұйымдардың бірі.

«Кеден деректеріне сәйкес, 2023 жылдың наурызынан тамыз айына дейін [Беларусьтің] «Тефида» компаниясы Қазақстандағы «КБР-Технология» компаниясының тапсырмасымен «ОСТЕК» тобына және оған қатысы бар компанияларға құны 5 млн доллар тұратын электронды бөлшектер өндіруге арналған жабдық жеткізген. Онда немістің ERSA, чехтің PBT, сингапурлық NUTEK техникасы да болды» деп жазған еді зерттеу авторлары.

Вашингтон ресейлік фирмалардан басқа, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Болгария, Сербия, Оңтүстік Африка, БАӘ, Беларусь және Британ Виргин аралдарындағы бірқатар компанияға санкция салды. АҚШ қаржы министрлігінің ақпаратынша, олар Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен.

АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен санкциялар Ресейдің бөлшектер мен жабдықтарды шетелден алу мүмкіндіктеріне әсер ететінін айтты.

«Ресейдің әскери экономикасымен айналысатын қаржы институттарына қатерді күшейтіп, салық төлеуден жалтару жолдарын жоямыз, Ресейдің қолы жеткен шетел технологияларынан, жабдықтарынан, бағдарламалық өнімдерден және IT-қызметтерінен пайда табу мүмкіндігін азайтамыз» деді АҚШ қаржы министрлігі.

Санкциялар енгізілер алдында Bloomberg агенттігі АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Ресейге үшінші елдерде америкалық технологиялармен немесе америкалық жабдықтармен өндірілген жартылай өткізгіш чиптер жеткізуге тыйым салуды жоспарлап отыр деп жазды.

Биыл Вашингтон Ресейге және оған Ақ үй қойған шектеулерді айналып өтуге көмектесетін басқа елдерге мұндай санкияны осымен екінші рет салып отыр.

1 мамырда АҚШ қаржы министрлігі Ресейдегі 250-ден астам жеке және заңды тұлғаға санкция салған, олардың арасында «Победа» әуе компаниясы және Ресейдің әскери-өнеркәсіп саласындағы ондаған компаниясы бар. Бұдан бөлек, Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Словакия және Әзербайжан компанияларына да шектеу енгізді.

2024 жылы ақпанда АҚШ ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың түрмеде қазаға ұшырауына байланысты 500 жеке және заңды тұлғаға, сондай-ақ ресейлік қаржы секторына, әскери-өнеркәсіп кешеніне, сатып алу желілеріне және санкциялардан жалтарған компанияларға қарсы шектеу енгізген.

Келесі
Бурабайдағы бұтақтардан шүберек шешілді

Бурабайдағы бұтақтардан шүберек шешілді

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.