• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Министрлік Азаттық тілшілерінің бір тобының ғана аккредитация мерзімін созды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.10.2025
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттықтың 12 тілшісінің аккредитация мерзімін үш айға созды. Алайда Азаттық жаздан бері соттасып келе жатқан 16 тілшінің аккредитациясына қатысты мәселе әлі шешілген жоқ.

Аккредитациясы созылғандар арасында Азаттықтың Қазақ қызметінің және «Настоящее время» арнасының тілшілері бар.

Өткен аптада ЕҚЫҰ-ның Варшавадағы адамзат өлшемі жиынында елдегі санаулы тәуелсіз басылымдардың бірі Азаттық тілшілерінің аккредитация ала алмауы мәселесін бірқатар құқық қорғаушылар мен белсенділер қозғаған. Олар ЕҚЫҰ-дан осы мәселеге назар аударуды сұраған еді. Атап айтқанда, «Құқықтық медиа орталықтың» заңгері Гүлмира Біржанова Қазақстан билігінің журналистерге аккредитация бермеу кейсін елдің халықаралық қауымдастық алдындағы міндетін орындамау ретінде тануды сұраған еді.

“Сот шешімімен қазақстандық 16 журналист шетел журналисіне теңестіріліп, оларды кәсіби міндетімен айналысу құқығынан айырды. Қазір мәселе редакцияның жартысы туралы болып отыр. 14 қазанда келесі журналистерге аккредитация беру мәселесі шешіледі. Қазір Азаттық пен Қазақстан СІМ арасында сот жүріп жатыр. Азаттық тілшілері жұмысына орала ала ма, жоқ па, білмейміз,-” деген заңгер.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шешімі Азаттық тілшілерінің бір бөлігіне ғана жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ал қалған 16 журналист аккредитация алған жоқ.

Бұған дейін Азат Еуропа / Азаттықтың Қазақ қызметі өз тілшілеріне аккредитация бермеген Қазақстан сыртқы істер министрлігі үстінен сотқа шағым түсірген. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттық журналистері аккредитациясы болмаса да жұмыс істеп, заң талаптарын бұзды деген. Ал Азаттық аккредитация беру туралы өтінішті уақытында берсе де, оны қарау мерзімін ведомствоның өзі негізсіз ұзартқанын айтқан.

20 тамыз күні Астана қаласының ауданаралық арнаулы әкімшілік соты Азат Еуропа/Азаттық радиосы – Қазақстан өкілдігінің (RFE/RL-Қазақстан) жеті қызметкерінің Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің шешіміне қарсы берген талап-арызын қанағаттандырмай тастаған. Ал 17 қыркүйекте Астана соты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өтінішімен Азат Еуропа/Азаттық радиосы Қазақ қызметінің аккредитацияға қатысты шағымын қарауды тоқтатты.

Халықаралық ұйымдар Қазақстан билігін журналистерге еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беруге шақырған.

Келесі
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Межесіне тақағанда билік жанармай бағасына мораторий жариялай салды

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.